Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы (№ 02-7) (функционалдық блок А)
Абай облысының әкімдігі
Абай облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Сәулет
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Инженерлік жүйелер және желілер
Функционалды міндеттер
Тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында сәулет құрылыс бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады; жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның болуына, лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуына, хабарламада көрсетілген деректердің дұрыстығына, аяқталған (аяқталмаған) құрылыс монтаждау жұмыстарының, пайдаланылған құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкциялары мен жабдықтарының бекітілген жобалық шешімдерге және мемлекеттік (мемлекетаралық) стандарттарға, оның ішінде тіреу және қоршау конструкцияларының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін және ғимараттардың (құрылыстардың) пайдалану сапасына, мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасына (кіріс, пайдалану, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және т.б. өзіндік өндірістік бақылау мен қадағалаудың барлық түрлері мен нысандарын ұйымдастыруы және жүзеге асыруына, атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресімделуіне, объектілерді салу кезінде тапсырыс берушінің (меншік иесінің) техникалық және сәулеттік қадағалауды ұйымдастыруы және жүзеге асыруына, техникалық және сәулеттік қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру; мемлекеттік стандарттарды бұзушылықтар және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалау шешімдерінен) ауытқулар анықталған кезде тиісті нұсқамалар береді; тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды заңсыз қайта жарақтандыру және қайта жоспарлау анықталған жағдайда тапсырыс берушінің белгіленген мерзімдерде жіберілген бұзушылықтарды жоюы туралы; құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату туралы нұсқамалар береді; қала құрылысы және жобалау құжаттамасының сапасын бақылау, жобалық құжаттамаға сараптама жүргізу; тексеру нәтижелері бойынша құрылыс субъектілеріне берілген нұсқаулардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру; түзетілмейтін бұзушылықтарға жол берген немесе жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімдерде жоймаған заңды, жеке және лауазымды тұлғаларға қатысты заңда белгіленген шараларды қолдану; құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы келіп түскен хабарламаларды және қол қойылған келіспеушілік актілерін, хабарламаларды алуға берілген талондарды бақылау және талдау; салынып жатқан және құрылысы жоспарланған (реконструкцияланған, кеңейтілген, жаңартылған, күрделі жөндеуден өткен) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу; жобалық құжаттаманың сапасына таңдамалы бақылауды жүзеге асыру; құзыретіне сәйкес азаматтардың хаттарын, арыздарын, шағымдары мен өтініштерін қарау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.tursyngaliev@akimatabai.gov.kz
- 25.04.2025
- Абай облысы, Семей қаласы, Кайым Мұхамедханов көшесі 8, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
36-10-99