Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы, (негізгі қызметкердің оқу демалысы уақытына 01.08.2026 жылға дейін)
Ақжайық ауданының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
E-R-1 (күші жойылды) (27.12.2024) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары
380391
Жалпы біліктілік талаптары
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Ескертпе: * – E-R-1 санатындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу кезінде, кандидатта ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі не бейіні бойынша доктор болған жағдайда, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкестігі міндетті емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Құқық
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Мәдениеттану
- Филология
- Дінтану
- Шығыстану
- Теология
- Түркітану
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Аймақтану
- Менеджмент
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Конфликтология
- Исламтану
- Тарих-Дінтану
- Мемлекеттік басқару
Функционалды міндеттер
Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтаралық қатынастарды сақтау, нығайту, сондай-ақ мемлекет егемендігін, қоғамдық процестердің демократияландыруын және қоғамның бірігуін нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларының орындалуын жүзеге асыру. ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын халыққа түсіндіріп, ақпараттық насихат жұмыстарының жүргізілуін қадағалау. Аудандағы қоғамдық – саяси жағдайларды болжамдауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізілуін қадағалау. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамалардың сақталуын қадағалау, баспасөз қызметін ұйымдастыру. Әлеуметтік желідегі, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған аудан, облыс, республика көлемінде оздырылған іс – шараларға ақпараттық мониториг жүргізілуін қадағалау. Құқық қорғау органдарымен, қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жастар ұйымдарымен өзара байланысты жүзеге асыру және жұмыстарды ұйымдастыру. Аудан көлемінде әртүрлі қоғамдық, мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылуын қадағалау. Аудан аумағында орналастырылған сыртқы көрнекі үгіт құралдарының ауыстырылуы мен орналасуын бақылау.Ауылдық округтерден ай сайын діни ахуал бойынша ақпараттардың жинақталуын қадағалау, талдау жасау. Ауданда болып жатқан қоғамдық саяси процестерді және олардың даму үрдістерін жан –жақты және шынайы зерделеу, жинақтау және талдау. Мемлекеттік ішкі саясат мәселелері бойынша ауылдық округ әкімдерінің ақпараттық – насихаттау жұмысының барысы мен қызметін бақылау және үйлестіру. «Медиация туралы» заңын, мақсатын, жұмысын, аудан көлемінде материалдар дайындауын қадағалау және ақпараттық-насихаттау тобының жұмысын ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, заңға сәйкес арыз иесіне уақытылы жауап берілуін қадағалау. Бөлім бюджетінің атқарылуын қадағалау. Аудан әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздер туралы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың, Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес, Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара қимыл жөніндегі консультативтік кеңестің жұмысын ұйымдастыру. Өз саласында цифрлық технологияларды қолдану және енгізу мәселелері. Аудан көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және қадағалау. Өз құзыреті шегінде Ақжайық ауданы әкімі мен әкімдігі атынан олардың мүддесін соттарда және/немесе басқа да құқықтық органдарда қорғау, өкіл ретінде қатысу. Осы саладағы мекемелердің жұмысын үйлестіру. Бөлімнің тоқсандық, жылдық жұмыс кестесін құрып, оның ұтымды жүзеге асырылуын ұйымдастыру, басшылық ету. Өз құзыреті шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік қағидаларын сақтау. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкесті Қазақстан Республикасы Президентінің, үкіметінің, облыс және аудан әкімінің шешімдері, өкімдерінің және облыс, аудан әкімдіктерінің қаулыларының орындалуын бақылайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
o.baktygalieva@bko.gov.kz
- 29.08.2024
- Ақжайық ауданы әкімі аппараты. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 70 үй
-
8 (71136) 91-8-23