«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік-экономикалық даму және фискалды саясат секторының меңгерушісі, E-R-3 санаты, 1 бірлік, 01-01 коды. А - функционалды блогы.
Өскемен қаласының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
E-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Сектордың қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау; Таяудағы бес жылдық кезеңге әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіру; Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг және көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалуын талдау; Баяндама үшін қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша ақпарат әзірлеу және талдау жүргізу; Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму Төлқұжатын әзірлеуді ұйымдастыру; Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын, маңызды индикаторларды орындау бойынша ақпарат дайындау; Өнеркәсіптің барлық көрстекіштері бойынша қосалқы ақпарат дайындау; Қала кәсіпорындарының жұмысшылар алдында еңбекақы төлемі берешегіне мониторингті өткізу, оларды жабу бойынша шара қабылдау; Салықтық және салықтық емес төлемдердің түсіміне мониторинг; Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын, маңызды индикаторларды орындау бойынша ақпарат дайындау; Түсімдер көздері бойынша бюджеттің кіріс бөлігінің жылдық жоспарына өзгерістер енгізу бойынша өкілетті органдармен мемлекеттіккірістер басқармасымен жұмыс. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдауға жал төлемін есептеу. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша қалалық тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының дербес құрамы туралы» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. «Е-Өтініш», «Е-Қызмет» бағдарламаларының жүргізілуін бақылау; Сектордың мұрағатын жүргізілуін бақылау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
nu.umarova@akimvko.gov.kz
- 14.08.2024
- Өскемен қаласы, Пермитин көшесі,17, 102 каб.
-
8 (7232) 26-89-69