Сауран ауданы әкімдігінің Ораңғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі

Мемлекеттік орган

Сауран ауданы әкімінің аппараты

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

E-G-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

180 517

Жалпы біліктілік талаптары

E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

  1. Бас маманның міндеттері

3.1. Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен қала, ауылдық округ әкімдерінің актілерін өз өкілеттігі шеңберінде орындайды;

3.2. Ауылдық округ әкімі аппаратындағы бюджеттік жоспарлау және орындау, бағдарламаларды әзірлеу және тиісті мәслихатқа бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдікке ұсынуды ұйымдастырады;       

3.3. Бекітілген бюджеттік бағдарламалардың орындалуын, ауылдық округ әкімі аппаратының қаржысын өз мақсатында дұрыс әрі үнемді пайдалануын қамтамасыз етеді және жауапты;

3.4. Бухгалтерлік есепті жүргізу мен жетілдіруге арналған шараларды іске асырады;

3.5. Бюджеттік бағдарламаларды орындауда банктермен қарым-қатынаста ауылдық округ әкімінен кейінгі екінші қол қоюға құқылы;

3.6. Ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек ақыларын, кестеге сәйкес еңбек демалыстарының дұрыс есептелуіне жауапты;

3.7. Мемлекеттік сатып алу веп-порталына ай сайын 1-ГЗ есебін, шағын кәсіпкерлік субектілердің есебін, мазмұн  көлемдері туралы жылдық жоспарын нақты орындалу есебін электронды құжат түрінде береді;

3.8. Ауылдық округ әкімшілігіне жоғарыдан келген экономика және қаржы бөлімінен келген өзіне тиісті тапсырмаларды дер кезінде орындап жауапты болуы жүктелсін;

3.9. Ауыл әкімшілігінде бюджет саласы бойынша жиналыстарды ұйымдастыру және хаттамасын жүргізу;

3.10. Шаруашылық жөніндегі есепке алу кітабын толтыру;

3.11. Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала мәслихаты сессияларының жұмысына қатысу;

3.12. Іс қағаздардың номенклатурасы бойынша міндеттелген іс қағаздарын жүргізеді және оның сақталуы мен мұрағатқа өткізілуіне жауапты;

3.13. Өзіне жүктелген мәселелер бойынша ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындайды;

3.14. Ауылдық округ әкімінің берген тапсырмаларын орындайды;

3.15.Ауылдық округ әкімі аппаратының стратегиялық  жоспарды  және  (немесе)  әкім  аппаратының    бюджеттік  бағдарламаның   орындалуы   туралы  мәліметті  ауыл  әкіміне  және   қалалық     экономика  және  қаржы  бөліміне  жолдайды.

3.16.Мемлекеттік сатып алу Веб-порталында жұмыстарды атқару, қол қою жүктеледі;

3.17.      Өзіне  жүктелген  мәселелер  бойынша ауылдық  округ әкімінің  шешімдері  мен өкімдерінің  жобаларын  дайындайды.

3.18. Заңға сәйкес, өзіне жүктелген міндеттері бойынша Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен  шағымдары бойынша уақытылы  жауап берілуін ұйымдастырады;

3.19. Жүктелген міндеттерді атқару кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, соның ішінде шектеулі таратуы бар қызметтік ақпараттың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, оны жария етпейді және сақталуы бойынша талаптарды сақтайды;

3.20. Өз құзыреті шегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  заңның талаптарын орындайды;

3.21. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары орын алған жағдайда, тікелей басшысына жоғары тұрған аудан әкіміне немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы органдардың назарына дер кезінде жеткізеді;

3.22. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;

3.23. Ауылдық округ әкіміне немесе оның орынбасарына қызмет бабы бойынша берген тапсырмаларды уақытылы орындайды, орындалуы бойынша есеп береді;

3.24. Қызмет барысында айналысатын мәселелер бойынша қызметтi жетілдіру жөнiнде ауылдық округ әкіміне немесе оның орынбасарына жазбаша ұсыныстар енгізеді;

3.25. Өткізілетін мәжілістер мен жиналыстарға өз саласы бойынша қажетті мәліметтерді дайындап қатысады және есеп береді және өткізілген жиналыстардың хаттамаларын  дайындайды;

3.26. Жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, техникалық және ақпараттық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздік және өндірістік санитария ережелерін сақтайды, аппараттың мүлкін тиімді пайдаланады және сақтайды;

3.27. Қызметтік міндеттерді атқару кезінде, еңбекке уақытша жарамсыз болғаны туралы шұғыл түрде бөлімге хабарлайды және жұмысқа шыққаннан кейін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тапсырады;

3.28. Дербес деректері (мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаты, білімі, отбасылық жағдайы туралы және т.б.) өзгерген жағдайда, бұл туралы персоналды басқару қызметіне хабарлайды;

3.29. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының  10-бабында көрсетілген міндеттерді орындайды;

3.30. Жұмыс барысында «Е-қызмет» персоналды басқарудың және «Е-өтініш» пен «Электронды бұлтты құжат айналымы жүйесі» бағдарламасында атқарылатын жұмыстарды үнемі пайдалана;

3.31. ҚР заңдарына сәйкес, өзге де міндеттер мен функцияларды орындайды

"В" Блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.08.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.08.2024 – 19.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15мб

Сұхбаттасу күні

23.08.2024

Сұхбаттасу орны

Сұхбаттасу орны Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі №30

Анықтама алу үшін байланыс

87083650100