Президенттік жастар кадр резерві
Жоба туралы
Жоба мақсаты
Қалай қатысуға болады?
1.2023 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында pkrezerv.gov.kz сайтына тіркелу және өтінім беру, ол үшін қолданыстағы электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек және NCALayer бағдарламалық жасақтамасын орнату қажет
2.Жеке кабинетте профильді толтыру және электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою
3.Қажетті құжаттарды жүктеу:
-Жеке куәлік көшірмесі
-Жоғары білім туралы дипломдардың көшірмесі
-Еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі
-Мемлекеттік тілді білетіндігі туралы сертификат
4.Пайдаланушыларға pkrezerv.gov.kz сайтында жұмыс істеу үшін Google Chrome браузерін пайдалану ұсынылады
Кандидаттың құжаттарын қабылдау
Құжаттарды қабылдау онлайн-платформада кандидатты тіркеу және оған бағалау кезеңдерінде кандидаттың жеке деректерін иесіздендіре отырып жеке нөмір беру арқылы жүргізіледі. Тіркелген кандидаттар жеке кабинетке логин мен пароль бойынша кіреді.
Тіркелу кезінде кандидаттар жеке басты куәландыратын, білім туралы, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін, орта деңгейдің белгіленген талаптарына сәйкес нәтижемен мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгіленген нысандағы жарамды ресми сертификатты жүктейді, қызығушылық танытқан мемлекеттік басқарудың саласын таңдайды, сондай-ақ мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін бағалау уақытын брондайды.
Мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат алу үшін кандидат Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Ұлттық тестілеу орталығында (қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ) немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының QAZAQ RESMI TEST (ресми-іскерлік қазақ тілін тестілеу жүйесі) қазақ тілін тестілеудің онлайн-сервисінде тестілеуден өтуі қажет.
Өтінім берген сәтте мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификат болмаған жағдайда кандидатқа «ҚАЗТЕСТ» немесе QAZAQ RESMI TEST жүйесі бойынша тестілеуден өту үшін сілтемелер ұсынылады.
Бұл ретте кандидат тиісті сертификат алғаннан кейін іріктеуге қатысу үшін тіркеуді аяқтай алады.
Тіркелу басталмас бұрын кандидат Пайдаланушы келісімімен танысады, дербес деректерді жинауға және өңдеуге өз келісімін растайды және белгіленген талаптарды қатаң сақтау бойынша міндеттемені қабылдайды, оның ішінде:
- компьютердің, 5мб/сек кем емес интернет жылдамдығының және жұмыс істеп тұрған веб-камераның, құлаққаптың және микрофонның болуы қажет екендігі туралы;
- анық емес мәліметтер берген немесе тапсырмаларды орындауға басқа адамдарды тарту фактілері анықталған жағдайда іріктеу кезеңдерінің кез келгенінен шығарылатыны туралы;
- іріктеудің барлық кезеңдерінде тест тапсырмаларының, ситуациялық тапсырмалардың және өзге де ақпараттың мазмұнына қатысты үшінші адамдарға ақпаратты таратпау туралы.
Іріктеу тәртібі
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау
Бұл кезең кандидаттардың күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін айқындауға мүмкіндік беретін екі тестілеу блогынан тұрады және онлайн платформада аудио-видео жазбаға жазылады. Тестілеуден өту процесі прокторинг жүйесі арқылы бақыланады.
Тестілеудің бірінші бөлігі – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға талаптарға сай келетін барлық кандидаттар өтеді.
Тестілеу басталмас бұрын кандидат оны жүргізу тәртібімен танысады және міндетті түрде Пайдаланушы келісімін қабылдайды.
Кандидат Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуді өткізу жөніндегі іріктеу жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес белгіленген күн ішінде өзі таңдаған уақытта мемлекеттік не орыс тілінде интернет-байланыс арқылы мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтеді. Тестілеуді тапсыру тілін кандидат өз еркімен таңдайды. Тапсырмалар кандидатқа жеке кабинетте таңдаған уақытта қолжетімді болады.
Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау ұсынылған мәтіннің бөлігін зерттеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасынан тұрады.
Тестілеудің бірінші блогы – сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау тестін тапсырған кандидаттардың 50°%, бірақ бұл көп дегенде 5000 мың кандидаттан аспайды.
Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кестелер, графикалар және диаграммалар түрінде ұсынылған ақпаратты зерттеуге және оның мазмұны бойынша жауап нұсқаларының бірін таңдауға арналған 25 тест тапсырмасынан тұрады. Қажет болған жағдайда, кандидат қағаз, қарындаш және калькуляторды пайдалана алады.
Әрбір бағалаудың ұзақтығы – 25 (жиырма бес) минуттан аспайды.
Тестілеудің нәтижелерін автоматты түрде есептелінеді.
Бірнеше кандидаттардың нәтижелері бірдей болған жағдайда келесі тестілеу блогына нәтижедегі көрсеткіш Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) айқындаған көрсеткіштен асқан кандидаттар жіберілуі мүмкін.
Тестілеу нәтижелері кандидаттардың рейтингісін ескере отырып, ақпараттық жүйеде әкімшінің жеке кабинетінде орналастырылады. Әкімші ең жоғары балға назар аудара отырып, өткен кандидаттардың шегін көрсетеді. Кандидаттардың нәтижелері кандидаттардың жеке кабинеттерінде және сайтта орналастырылады.
Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау қорытындысы бойынша келесі кезеңге жоғары нәтиже көрсеткен 500-ден аспайтын кандидат жіберіледі.
Ситуациялық тапсырмаларды шешу
Кезең басталмас бұрын кандидат оны жүргізу тәртібімен танысады және Пайдаланушы келісімін қабылдайды.
Бұл кезең кандидаттардың ситуациялық тапсырмалар түрінде жасалған нақты мәселелерді шешуге деген көзқарасын бағалауға бағытталған. Дайын тапсырмаларды кандидаттар арасында бөлу кездейсоқ тәртіппен бөлінеді. Осы кезеңнің қорытындылары бойынша кандидаттардың кәсіби қасиеттері анықталатын болады.
Кезең Астана қаласының уақытымен Жоспарға сәйкес белгіленген күн ішінде кандидатқа ыңғайлы уақытта онлайн платформада эссе жазу форматында оған өтеді. Бұл кезең онлайн платформада аудио-видео жазбамен сүйемелденеді. Аталған кезеңнен өту процесі прокторинг жүйесі арқылы бақыланады. Ұзақтығы – 45 минут, көлемі 500 сөзден аспауы тиіс.
Тапсырманың шешімін тиісті қызмет бағыттары бойынша бір уақытта үш салалық сарапшы бағалайды. Сарапшылар пулы академиялық орта өкілдерінен, мемлекеттік қызметшілер мен бизнес қауымдастық өкілдерінен тұрады. Сарапшылардың жалпы пулы кемінде 90 адамды құрайды. Жұмыстарды бағалау онлайн платформада жүргізіледі, онда әрбір сарапшыға кандидаттардың иесіздендірілген деректерімен бағалау үшін жұмыстары автоматты түрде бөлінеді. Бағалау 5 балдық шкала бойынша белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қорытынды баға сарапшылар қойған бағалардың орташа мәнінен шығарылады. Бұл ретте сарапшылар басқа сарапшылардың қойған бағасын көре алмайды. Осы кезеңнің нәтижелері кандидааттардың жеке кабинеттерінде жарияланады.
Осы кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 250 кандидат Резервке іріктеудің келесі кезеңіне жіберіледі.
Құзыреттерді бағалау
Ситуациялық тапсырмаларды шешу кезеңінен кейін құзыреттерді бағалау кезеңінен өту үшін онлайн платформада 250 үздік кандидаттарға тіркелу қолжетімді болады. Олардың әрқайсысы Жоспарға сәйкес ұсынылған нұсқалардың ішінен рәсімнен өту күні мен уақытын таңдай алады. Тіркеу бірінші кезекте толтыру қағидаты бойынша жүзеге асырылады, тіркелмеген кандидаттар онлайн платформадағы рәсімдер кестесіндегі бос «терезелерге» сәйкес автоматты түрде бөлінеді.
Бұл кезең бағалау блогынан тұрады:
- ассессмент-орталық;
- құзыреттер бойынша сұхбат.
Ассессмент-орталық Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оффлайн форматта өтеді. Ол мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы кандидаттардың белгілі бір құзыреттерін (көшбасшылық, мәселелерді талдау және шешу, қызметті басқару, сендіре білу, проактивтілік) анықтауға және бағалауға бағытталған.
Құзыреттерді бағалаудың бұл блогы рәсім барысында кадидаттардың мінез-құлқын сертификатталған сарапшы-бағалаушылар бақылайтын топтық және жеке тапсырмалардан тұрады. Жалпы құзыреттерді бағалауға кемінде 15 сертификатталған бағалаушы және 5 супервизор тартылатын болады. Ассессмент-орталық рәсімінің ұзақтығы 6 сағаттан 8 сағатқа дейінгі уақытты алады.
Ассессмент-орталықтың нәтижелері бойынша әрбір кандидатқа қысқаша есептер жасалады, олар кандидаттардың жеке кабинеттеріне рәсімнен өту сәтінен бастап 20 жұмыс күннен кешіктірілмей орналастырылатын болады.
Нәтижесінде құзыреттерді бағалаудың келесі блогы – Құзыреттілік бойынша сұхбатқа төмендегі сапалық сипаттағы қосымша талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттарды қоспағанда, орташа балды ескере отырып, рейтинг бойынша ең жақсы нәтиже көрсеткен 170 кандидаттар жіберіледі:
- бағаланатын құзыреттердің біреуінен 1 балл алған;
-«мәселелерді талдау және шешу» және «көшбасшылық» құзыреттері бойынша қатарынан 2 балл және одан төмен баға алған.
Құзыреттілік бойынша сұхбат Қазақстан Республикасының кәсіби HR менеджерлерінің қатысуымен жеке тереңдетілген сұхбат түрінде онлайн форматта жүргізілетін болады. Сұхбат кандидаттың құндылық бағдарларын анықтайтын құзыреттерін және ішкі ынта-жігерін анықтауға бағытталған. Сұхбатқа тіркелу ең жақсы нәтиже көрсеткен 170 кандидат үшін онлайн платформада алдыңғы блогтағыдай жүзеге асырылады.
Сұхбат нәтижесі бойынша келесі іріктеу кезеңі – Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесуге үздік нәтижелер көрсеткен 150 кандидаттар жіберіледі.
Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу
«Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу» кезеңіне іріктеудің алдыңғы кезеңінде ең жақсы нәтиже көрсеткен 150 кандидат жіберіледі. Сарапшылық комиссияс (бұдан әрі – Комиссия) отырысы Жоспарға сәйкес белгіленген мерзімдерде өткізіледі.
Құзыреттерді бағалау кезеңінен кейін 150 үздік кандитатқа Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу кезеңінен өту үшін онлайн платформада тіркелу қолжетімді болады. Олардың әрқайсысы ұсынылған нұсқалардың ішінен рәсімнен өту күні мен уақытын таңдай алады. Тіркеу бірінші кезекте толтыру қағидаты бойынша жүзеге асырылады, тіркелмеген кандидаттар автоматты түрде бөлінеді.
Сарапшылық комиссия мүшелерімен әңгімелесу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) өткізіледі, оның барысында кандидатқа тиісті саланы немесе қызмет бағытын дамыту бойынша өзінің көзқарасын таныстыру үшін уақыт беріледі
(5 минуттан аспайды).
Осы кезеңдегі Комиссия құрамы тұрақты және тұрақты емес мүшелерден тұратын болады. Тұрақты құрамға Президент Әкімшілігі мен Агенттіктің өкілдері кіреді. Тұрақты емес құрамға мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қажет болған жағдайда Президент Әкімшілігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары енгізілуі мүмкін.
Комиссияда ассессмент-орталықтың сарапшысы Комиссия мүшелерінің сұрауы бойынша қатысушылардың жеке нәтижелерін ұсынады және/немесе оларға түсініктеме береді.
Комиссияның отырысында кандидаттар қаралғанға дейін кандидаттар жайында беделін түсіретін мәліметтердің бар-жоғы туралы, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салу негізінде алдын ала мәліметтер жиналады.
Сарапшылық комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша Ұлттық комиссияның отырысында қарауға ұсынылатын 100 кандидаттан тұратын тізім жасалады.
Бұл іріктеу кезеңінің нәтижелері кандидаттардың жеке кабинеттеріне орналастырылады.
Ұлттық комиссияның отырысы
Ұлттық комиссияда сұхбаттасуға Сарапшылық комиссия ұсынған ең жоғары балл жинаған 100 кандидат жіберіледі.
«Сараптамалық комиссияда әңгімелесу» кезеңінен кейін 100 үміткерге онлайн-платформа арқылы Ұлттық комиссияда әңгімелесуге жазылу қолжетімді болады. Кандидаттармен әңгімелесу жоспарға сәйкес белгіленген мерзімде жүргізіледі.
Ұлттық комиссия отырысының қорытындысына сәйкес Резервке 50 кандидат қабылдау туралы шешім қабылданады.