Жиі қойылатын сұрақтар
Жаңа реттеушілік саясатты енгізу аясында мемлекеттік бақылауды автоматтандыру, оның ішінде бақылауға жататын ЖООлардың тізімін жасақтау процесін автоматтандыру күшіне енді.
Яғни, енді бақылауға жататын ЖООлар тізімі адами фактордың қатысуынсыз, автоматты түрде анықталатын болады.
Бұл өз кезегінде бақылау органдарына тексеру мен жаза қолданудың орнына енді құқық бұзушылықтардың алдын алу мүмкіндігін береді.
Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген жаңа нормаға сәйкес, егер тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылауға жататын бақылау субьектілерінің саны олардың жалпы санының 5%-нан аспауға тиіс.
Ол үшін «Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде (ТСОБТ) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы бақылау субъектілерінің (объектілердің) тізімі қалыптастырылды.
Сондай-ақ, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігің Smart Data Ukimet (СДУ) платформасында тәуекелдерді бағалау дәрежесінің өлшемшарттарын автоматтандыру, мемлекеттік бақылауды жүргізудің бизнес-процесіне толық реинжиниринг жүргізілді, тексерулер кестесін/тізімін қалыптастырудан бастап бақылау іс-шаралары аяқталғанға дейін автоматтандыру алгоритмі жасалды.
Тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау критерийлері көрсеткіштерінің тізбесі, есептер мен нысандарды қалыптастыруға арналған ақпараттық құралдар жасалды.
Енді, өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді бағалау процесі бақылау есепті деректер мен автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мониторингінің нәтижелері негізінде жүргізілетін болады.
Ал, ЖОО-лар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ресми сайтының, ақпараттық-білім беру порталының және кең жолақты әрі жоғары жылдамдықты интернеттің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін болады.
Сонымен қоса, ЖОО-ң өздерінің ақпараттық жүйелерін Министрліктің ақпараттық жүйесімен интеграциялануын және ондағы толтырылатын деректердің толық, нақты және уақтылы болуына баса назар аударатын болды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі енгізілді, тізілім реттеушілік актілерге олардың жаңа реттеушілік саясатқа сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізу мерзімдерін айқындауды көздейді.
Талаптар тізілімін қалыптастыру және жұмыс жасау алгоритмі келесідей:
Біріншіден, реттеуші МО тізілімге енгізу үшін кәсіпкерлік қызметті реттеуге негіз болатын реттеуші актілердің тізбесін қалыптастырады
Осыдан кейін реттеушілік актілер келесі талдау (қайта қарау) жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, Талаптар тізіліміне енгізіледі.
Егер реттеуші орган бұл талдауды белгіленген мерзімде жүргізбесе, онда мұндай актілердің күші жойылады немесе оларға өзгерістер енгізіледі (6 ай ішінде – заңдар бойынша; 3 ай ішінде – өзге актілер бойынша).
Міндетті талаптар тізіліміне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы 20 НҚА енгізілді.
2023 жылдан бастап егер талап Тізілімге енгізілмесе, онда ол бойынша мемлекеттік орган бақылау субъектісін тексеріп, жазалай алмайды. Тиісінше, егер тізілімде талап болмаса, онда жаза да жоқ. Бұл Тізілімнің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі болмақ.
Онымен қоса, Тізілім – кәсіпкерлік қызметін реттеу салаларының НҚА-ң жалпыға бірдей қолжетімді базасы болғандықтан, бұдан былай бақылау субъектілері, яғни біздің жағдайда ЖОО-лар кез-келген уақытта бұл Тізілімге кіріп, ондағы орындауға міндетті талаптардың тізімімен және НҚА-мен танысу қол жеткізе алады.
1) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының сақталуын жоспардан тыс тексеру;
2) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;
3) талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексеру.
1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы;
2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
3) бір күнтізбелік жыл ішінде жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен бақылау субъектілеріне (объектілеріне) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйелерінде графиктер мен жартыжылдық тізімдерді автоматты режимде қалыптастыру жағдайын қоспағанда, реттеуші, мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекіткен бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға негіз болып табылады.