«Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті» КЕ АҚ-ның диссертациялық кеңесінде 8D05301 – «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін Баяндинова Молдир Болеухановнаның «Диабаз – минералды толтырғыштың аса жоғарғы молекулалық полиэтиленнің құрылымы мен физика-механикалық қасиеттеріне әсері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
«Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті» КЕ АҚ-ның диссертациялық кеңесінде 8D05301 – «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін Баяндинова Молдир Болеухановнаның «Диабаз – минералды толтырғыштың аса жоғарғы молекулалық полиэтиленнің құрылымы мен физика-механикалық қасиеттеріне әсері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация «Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті» КЕ АҚ-ның «Физика және технологиялар» кафедрасында орындалды.
Диссертацияны ұсыну түрі: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Яр-Мухамедова Гульмира Шарифовна – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің қатты дене физикасы және сызықтық емес физика кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
- Сатбаева Зарина Аскарбекова – PhD, ғылым профессоры, Шәкәрім атындағы Семей қаласының университетінің «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының профессоры (Семей қ., Қазақстан Республикасы).
Отандық ғылыми кеңесші:
Скаков Мажын Канапинович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Физика және технологиялар» кафедрасының профессоры (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы).
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Градобоев Александр Васильевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, ФГАОУ ЖОО «Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті» Инженерлік ядролық технологиялар мектебінің эксперименттік физика бөлімінің профессоры (Томск қ. Ресей Федерациясы)
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің құрамы:
1 Скаков Мажын Канапинович, Төраға, ф.-м.ғ.д., профессор, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің» КЕ АҚ «Физика және технологиялар» кафедрасының профессоры;
2 Ибраева Жанар Ершатовна, Төраға орынбасары, х.ғ.к., доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, дизайн кафедрасының доценті.
3 Кабдрахманова Сана Канатбековна, ғылыми хатшы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ф.-м.ғ.д., профессор, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің» КЕ АҚ, химия кафедрасының аға оқытушысы.
4 Алонцева Дарья Львовна, ф.-м.ғ.д., профессор, «Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің» КЕ АҚ, Сандық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің профессоры.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Ескермесов Дидар Кайратович – PhD, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің халықаралық инженерия мектебінің жетекші ғылыми қызметкері (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы).
- Ерыгина Людмила Александровна – PhD, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының «Атом энергиясы институты» филиалының ғылыми хатшысы (Курчатов қ., Қазақстан Республикасы);
- Коровкин Михаил Владимирович – ф.-м.ғ.д., профессор, Томск мемлекеттік университетінің сапа менеджменті кафедрасының профессоры.
Қорғау аралас форматта (онлайн және офлайн) «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ диссертациялық кеңесінде 8D053 – «Физика және химия ғылымдары» даярлау бағыты бойынша 2025 жылғы 13 маусымда сағат 14:00-де өтеді.
Мекен-жайы: 070020, Өскемен қ. 30 Гвардиялық дивизиясы 34, №1 корпус, 218 ауд.
Қорғау аралас форматта ZOOM платформасында өткізіледі.
Конференцияның идентификаторы: 885 7669 9898
Кіру коды: 129544
Сайттың мекен-жайы: https://vku.edu.kz/scientific-advice/
Бейресми пікірлерді электрондық пошта мекенжайына жіберіңіз: sanaly33@mail.ru.
37
12 мамыр 2025 19:02
12 мамыр 2025