«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден бас тарту туралы» 2026 жылғы 12 қазандағы № 716 Комитеттің бұйрығы

«Философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тарту туралы» 2026 жылғы 12 қазандағы № 716 Комитеттің бұйрығы.

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің докторанты Утепов Заманбек Габитовичтің диссертациясы Қазақстан РеспубликасыныңБілім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 8D07208 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлаубілім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруден қайта қорғау құқығынсыз бас тартылсын.

8D07208 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлаубілім беру бағдарламасыбойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған «Разработка эффективных технико-технологических средств для бурения и освоения геотехнологических скважин с высокими эксплуатационными характеристиками» тақырыбындағы диссертация Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде 2026 жылғы
25 маусымда қорғалған.

Диссертациялық кеңестің төрағасы:

Ратов Боранбай Товбасарович техника ғылымдарының докторы, профессор, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Геофизика және сейсмология» кафедрасының меңгерушісі (диссертация қорғау кезінде диссертациялық кеңестің төрағасының міндетін Тошов Жавохир Буриевич атқарған (техника ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, И. Каримов атындағы, Ташкент қ., Өзбекстан).

Ғылыми кеңесшілер:

1.Ратов Боранбай Товбасарович – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Геофизика және сейсмология» кафедрасының меңгерушісі;

2.Қожахмет Қосарбай Әбдірахманұлы – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КеАҚ «Геология және мұнай-химиялық инжиниринг» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

3.Хоменко Владимир Львович – техника ғылымдарының кандидаты, «Днепр политехникасы» ҰТУ «Мұнай-газ инженериясы және бұрғылау» кафедрасының доценті, Днепр қ., Украина.

Ресми рецензенттер:

1.Ахметов Нуркен Махсутович – техника ғылымдарының докторы, «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры, академиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор;

2.Смашов Нұрлан Жақсыбекұлы - PhD докторы, «Алмас» ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС.

Жарияланған күні

13 қазан 2026 11:18

Жаңарту күні

13 қазан 2026

Түрі