Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы қаржыландыру және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы

Мемлекеттік орган

Астана қаласының Полиция департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

135 336

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім: білім (құқық және экономика негіздері); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика).

    Функционалды міндеттер

    ПД-нің мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады.

    ПД-нің қаржылық қызмет мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволық мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асырады. Басқарманың қызмет мәселелері бойынша жедел кеңес анықтамаларын, хаттамаларын және шешімдерін дайындайды. Республикалық бюджетті жоспарлап, қаржыландыруды жүзеге асырады. «Алдағы уақыттағы қаржылық жылға республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес бекітілген бюджеттік бағдарламалардың лимиттерін бөледі. Ведомстволық бөліністердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жылдық қаржыландыру жоспарларына, есеп айырысу мәліметтері мен көрсеткіштерге, бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша лимиттерді әзірлеп, құрастыруға тексерісті қамтамасыз етеді. Бекітілген бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауға талдау жасайды. Есеп айырысуды дайындайды, жиынтық есепті жүзеге асырады және ағымдағы қаржылық жылға республикалық бюджетті анықтау бойынша бюджеттік өтінімді әзірлейді. Республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан дебиторлық және несиелік берешектер бойынша ай сайынғы есепті дайындайды  және оны бухгалтерлік теңгерімнің аналитикалық  деректерімен тексеруді жүзеге асырады, республикалық және жергілікті бюджет қаражатын игеру жөніндегі ай сайынғы есепті, қоршаған ортаға эмиссия  бойынша тоқсан сайын есеп дайындауды жүзеге асырады.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 01.11.2022

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    02.11.2022 – 10.11.2022
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    14.11.2022

    Сұхбаттасу орны

    Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 19

    Анықтама алу үшін байланыс

    8-7172-71-62-69