Идеологиялық және имидждік жұмыс департаменті Сыртқы коммуникациялар басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс тобының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, 2025 жылғы 1 сәуірге дейін)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Филология
- Құқықтану
- Құқық қорғау қызметі
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Қоғамдық байланыс
Функционалды міндеттер
Топқа жүктелген міндеттердің орындалуына, оның өз функцияларын жүзеге асыруына, заңдылық пен құпиялылық режимінің сақталуына, қызметкерлердің қызметтік тәртібіне дербес жауапкершілікте болады. ІІМ-нің қызметін ақпараттық сүйемелдеу және жариялау мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады. ІІМ басшылығының баспасөз-релиздерін, сөз сөйлеулерінің, мақалаларының, сұхбаттарының жобаларын дайындауға қатысады. Баспасөз конференцияларын, брифингтер, интернет-конференцияларын және дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастырады. Ведомстволық мерзімді басылымдар үшін материалдар дайындау кезінде әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастырады және жүзеге асырады. ІІМ бекіткен ақпараттық жоспарлардың, бағдарламалардың және талаптардың іске асырылуы бойынша ПД, Көліктегі ПД баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасады. Есептік құжаттар мен ақпараттық материалдарды белгіленген мерзімде мемлекеттік органдарға дайындауды және орындауды жүзеге асырады. Департаменттің жұмыс жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Басқарманың басқа топтарымен және ПД, Көліктегі ПД-нің баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.08.2022
- Нұр-Сүлтан қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1
-
71-52-29