Қарағанды облысының Полиция департаменті Қарағанды қаласының полиция басқармасы Октябрь полиция бөлімі ішкі және сыртқы коммуникация тобының жетекші маманы (С-R-5 санаты бойынша, №6/1-4, 1 бірлік).
Қарағанды облысының Полиция департаменті
Қарағанды облысы
199226
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қосымша талаптар
«Құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық), «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (журналистика, қоғамдық байланыс) немесе «білім» (қазақ тілі мен әдебиеті), «гуманитарлық ғылымдар» (қазақ филологиясы) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе «гуманитарлық ғылымдар» (қазақ филологиясы) немесе «білім» (қазақ тілі мен әдебиеті) немесе «құқық» (құқықтану, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық) «қызмет көрсету, экономика және басқару» (журналистика, қоғамдық байланыс) мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Функционалды міндеттер
Ішкі істер органдары үшін заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде БАҚ және жұртшылықпен, өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу; ІІОжеке құрамына мемлекеттік тілді оқытып-үйрету бойынша жұмысты ұйымдастыру және өткізу; ІІО іс жүргізу тілі есебінде мемлекеттік тілді жүзеге асыруды қамтамасыз ету; ішкі істер органдарының қызметі туралы халықты ақпараттандыру, БАҚ редакцияларына облыстағы жедел жағдай және қылмыстылықпен күрестің жай-күйі туралы ақпаратты ұсыну; Мемлекеттік тілді енгізу бағдарламасын және іс жүргізуді сатылы түрде мемлекеттік тілге көшіру кестесін орындау; БАҚ-тағы жарияланымдардың мазмұны және ерекшеліктері туралы ІІО басшылығының жедел әрекет етуі; ІІО бөліністерімен әзірленген немесе орыс тілінен мемлекеттік тілге аударылған құжаттардың мәтіндерін редакциялау және түзету; орыс тілінен мемлекеттік тілге мәтіндерді аудару кезінде жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің тізімін құрастыру Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына қарау және келістіру үшін олардың мерзімді жолданылуын қамтамасыз ету. (В блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Караганда, улица Ерубаева, 37
-
ГУ «Департамент полиции Карагандинской области» (100015, город Караганда, улица Ерубаева, 37, телефоны для справок (7212) 42-93-89, 42-91-81, электронный адрес: d.mekalova@mvd.gov.kz