Тергеу департаментінің кеңсе сарапшысы, С-5 санаты (1 бірлік, негізгі жұмыскердің уақытша болмау кезеңіне, 2027 жылғы 26 сәуірге дейін), В блогы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Астана қаласы
247700
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Тергеу департаментінде құжаттаудың және құжат айналымының бірыңғай тәртібін сақтай отырып, іс жүргізуді қамтамасыз етеді. Кіріс және шығыс хат-хабарды электрондық түрдегі Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінің базасында тіркеуді жүзеге асырады және есепке алады. Шығыс хат-хабарларын конверттейді және жібереді. Азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес азаматтардың өтініштері бойынша іс жүргізуді бақылайды. Азаматтардың өтініштері мен арыздары бойынша қадағалау өндірісінің сақталуын және белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырғанға дейін тиісінше пайдалануын жүзеге асырады. Тергеу департаментіне келіп түскен бақылаудағы құжаттардың уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Тергеу департаменті бастығының қабылдау бөлмесінің жұмысын үздіксіз қамтамасыз етеді, сондай-ақ Тергеу департаменті басшыларының жеке қабылдауына жазылған азаматтарды тиісті есепке алады. Тергеу департаментінің басқармалары әзірлеген құжаттардың мемлекеттік тілдегі аудармаларын редакциялайды. Нормативтік актілердің орындалуына және мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша ІІМ нұсқауларына бақылауды жүзеге асырады. Тергеу департаментінің істер номенклатурасын әзірлейді және оны жыл соңында жабады. Басқармаларда істер номенклатурасының дұрыс рәсімделуіне және қалыптастыруына бақылау жүргізеді. Жабық істер номенклатурасын тіркеуді жүргізеді. Департамент басшылығының жанында өткен жедел кеңестердің шешімдері мен хаттамаларын тіркеу, есепке алу және сақтауды қамтамасыз етеді. Департаменттің мемлекеттік органдардың Интранет порталына келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 14.01.2025
- Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1
-
8 (7172) 71-52-29, 72-25-89