Өзіндік қауіпсіздік департаментінің кеңсе сарапшысы, С-5 санаты (1 бірлік, негізгі жұмыскердің уақытша болмау кезеңіне, 2027 жылғы 20 желтоқсанға дейін), В блогы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

247700

Жалпы біліктілік талаптары

   С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Департаментте құпия емес іс жүргізеді. Департамент мекенжайына келіп түсетін барлық ҚБПҮ белгісі бар, құпия емес кіріс және шығыс хат-хабарларды,           жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарын қабылдайды және тиісті электронды (ЭҚАБЖ) журналдарға тіркейді, оны уақтылы тіркейді, басшылыққа баяндайды. Барлық шығыс хат-хабарларды ресімдейді және пакеттейді. Департамент қызметкерлерінің электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесіндегі, мемлекеттік органдардың интранет-порталы жүйесіндегі құжаттардың, арыздардың, шағымдардың және хабарламалардың орындауын бақылайды. Сараптама-тексеру комиссиясының отырысына материалдар дайындайды, кейіннен актілер жасай және есепке алу журналдарына белгі қоя отырып, архивке немесе жоюға тапсырылуы тиіс сақтау мерзімі өткен номенклатуралық істерді және азаматтардың шағымдары мен арыздары бойынша қызметтік тексеріс материалдарының практикалық, тарихи, ғылыми құндылығы жоқ  құжаттарды іріктеуге және сараптама жүргізуге қатысады. Комиссиямен бірге жылына бір реттен кем емес «ҚБПҮ» шектеу белгісі бар құжаттарға салыстыра тексеру жүргізеді. Іс жүргізумен аяқталған істерді 10 жылдан астам мерзімге Ішкі істер министрлігінің Арнайы мемлекеттік мұрағатына тапсырады. Құпия емес істердің қорытынды тізілімдемесін ресімдейді. Құпия емес номенклатуралық істерді әзірлейді. Жеке және заңды тұлғалардың арыздары бойынша ай сайын есеп береді және бланк бойынша есеп береді. Ағымдағы жылғы, сондай-ақ өткен жылдардағы жеке және заңды тұлғалардың шағымдары бойынша  жүргізілген қызметтік тергеу және тексеріс  материалдарын тіркейді және есепке алады. Департамент бастығының қабылдау бөлімінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. ІІМ ӨҚД бастығы және оның орынбасарлары Департаменттің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қабылдайтын азаматтардың есебін және оларды тіркеуді жүргізеді. Департамент басшылығының басқа да қызметтік тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 30.12.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.12.2024 – 13.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

14.01.2025

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 71-52-29, 72-25-89