Ақпараттық саясат департаменті Имидждік жұмыс және мониторинг басқармасы PR-жобалар тобының бас сарапшысы (1 бірлік, негізгі жұмыскердің уақытша болмау кезеңіне, 2026 жылғы 6 маусымға дейін), В блогы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Құқық
- Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)
- Құқықтану
Функционалды міндеттер
ІІМ-нің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамаларды, есептерді және басқа да материалдарды сұрату және алу. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау курстарында кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, сондай-ақ тағылымдамаларға қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ІІМ-де және басқа мемлекеттік органдарда өткізілетін кеңестерге, жұмыс топтарына және басқа да отырыстарға қатысу; Департамент басшылығына ішкі істер органдарындағы ақпараттық саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алу. Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін өз құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыру. Ішкі істер органдарының оң беделін қалыптастыруға бағытталған PR іс-шараларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады; Департамент құзыреті шегінде Министрлік басшылығының қатысуымен жария іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады; Аумақтық ішкі және сыртқы коммуникациялар бөліністерінің қызметі туралы есептерді жинауды және қорытындылауды жүзеге асырады; Тікелей басшының және Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді сақтайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.07.2024
- Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1
-
8 (7172) 71-52-29