Криминалдық полиция департаментінің кеңсе сарапшысы, С-5 санаты (1 бірлік, негізгі қызметкердің уақытша болмау кезеңіне, 2026 жылғы 11 сәуірге дейін), С блогы.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Астана қаласы
195549
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
Қосымша талаптар
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық, философия, тарих, дінтану, археология және этнология, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, психология, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, мемлекеттік аудит, спорт менеджменті, бағалау, биология, биотехнология,экология, география, гидрология, метеорология, физика, ядролық физика, химия, физика және астрономия, техникалық физика, математика, статистика, механика. Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Құзыреттердің бар болуы: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: Департаменттің құпия емес ісін жүргізеді. Кіріс хат-хабарларын қабылдайды, тіркеуді жүргізеді және басшылықтың бұрыштамасына сәйкес құжатты орындаушыларға таратады. Шығыс құжаттарды тіркейді. Азаматтардан келіп түскен өтініштер мен шағымдар, оның ішінде Ішкі істер министрінің блогы мен ІІМ-нің Веб-порталына азаматтардан келіп түскен өтініштер мен арыздар бойынша есеп жүргізеді. Басқармалардың ұсыныстары бойынша Департаменттің істері номенклатурасын жасайды. Тоқсан сайын орындаушыларда құпия және ҚБПҮ құжаттарының бар-жоғына салыстыра тексеру жүргізеді. ІІМ-нің құпия емес және «ҚБПҮ» белгісі бар нормативтік актілерін, нұсқауларын, өкімдерін тіркеуді және сақтауды қамтамасыз етеді. Тоқсан сайын құжат айналымы бойынша есеп жасайды. Іс жүргізуі аяқталған, сақтау мерзімі ұдайы құжаттық материалдарды даярлайды және архивке тапсырады. Құжаттамалық материалдардың өтуін есепке алады, бақылауды жүзеге асырады. Қабылданатын және жолданатын хат-хабарларға есеп жүргізеді, жүйелендіруді және ағымдағы мұрағаттың құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Орындалған құжаттамаларды мекенжайлар бойынша жолдайды. Құжаттарды қолайлы және жылдам іздеуді қамтамасыз етеді. Архивке сақтау үшін жолданатын істердің тізілімдемесін жасайды. Қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Департамент басшылығының қызметтік тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 02.05.2024
- Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1
-
8 (7172) 72-25-89, 72-26-35, 72-20-72