Қаржымен қамтамасыз ету департаменті Жоспарлау және қаржыландыру басқармасының сарапшысы, С-5 санаты 1 бірлік, негізгі қызметкердің уақытша болмау кезеңіне, 2025 жылғы 2 тамызға дейін), В блогы.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

226837

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

Қосымша талаптар

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика, қаржы, есеп және аудит). Кәсіби құзыреттілігі: Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Құзыреттердің бар болуы: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттері: ІІМ мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларын дайындауға және әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасы ІІМ әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобасына қаржылық есептерді дайындауды жүзеге асырады. Жоспарлау және қаржыландыру мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асырады. Ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша шолулар, анықтамалар, бұйрықтар, хаттамалар мен жедел кеңестің шешімдерін дайындауды жүзеге асырады. Оған бекітілген бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) дұрыс және негізді жоспарлануы үшін дербес жауапкершілікте болады. «Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес бекітілген бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) лимиттерін бөлуді жүзеге асырады және ведомстволық бағынысты бөліністерге жеткізеді. Ведомстволық бағынысты бөліністердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жылдық қаржыландыру жоспарын, есептік деректер мен көрсеткіштерді жинауды және тексеруді, бекітілген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша лимиттерді әзірлеуді және жасауды қамтамасыз етеді. Бекітілген бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды талдайды. Бюджеттік өтінімдерді мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіне енгізеді. Міндеттемелер және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын қалыптастырады және қазынашылық органына ұсынады. Міндеттемелер және төлемдер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарларын министрліктің бөліністеріне жеткізеді. Қаржы министрі, Қазынашылық органдары арқылы ведомстволық бағынысты бөліністерінің ашық лимиттері мен жоспарлы тағайындауын ай сайын негізді қайта бөлуді жүргізеді. Бюджеттік қаражаттарды қайта бөлуді жүргізу кезінде бюджеттік бағдарламалар бойынша үнемдеумен бюджеттік қысқартудың қажеттілігіне жиынтық есептерді дайындауды жүзеге асырады. Басқарма бастығының, Департамент басшылығының бір реттік тапсырмаларын орындайды. Қаржылық құжаттардың, хат алмасу бойынша құжаттардың сақталуын, олардың уақтылы мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтайды. Атқарып отырған лауазымынан босатылған (қызметтен босатылған, басқа лауазымға тағайындалған, ауысқан) кезде заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалған қызметкерге, ал ол болмаған кезде мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған қызметкерге істерді тапсырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 18.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.04.2024 – 29.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

02.05.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 72-25-89, 72-26-35, 72-20-72