Қаржымен қамтамасыз ету департаменті Жоспарлау және қаржыландыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік, негізгі жұмыскердің уақытша болмау кезеңіне, 2026 жылғы 28 маусымға дейін), В блогы.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Астана қаласы
263131
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика, қаржы, есеп және аудит). Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Құзыреттердің бар болуы: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: ІІМ мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларын дайындауға және әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасы ІІМ әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобасына қаржылай есептерді дайындауды жүзеге асырады. Жоспарлау және қаржыландыру мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асырады. Ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша шолулар, анықтамалар, бұйрықтар, хаттамалар мен жедел кеңестің шешімдерін дайындауды жүзеге асырады. Бекітілген бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) дұрыс және негізді жоспарлануы үшін дербес жауапкершілікте болады. «Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес бекітілген бюджеттік бағдарламалардың лимиттерін бөлуді жүзеге асырады және ведомстволық бағынысты бөліністерге жеткізеді. Ведомстволық бағынысты бөліністердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жылдық қаржыландыру жоспарын, есептік деректер мен көрсеткіштерді жинауды және тексеруді, бекітілген бюджеттік бағдарламалар бойынша лимиттерді әзірлеуді және жасауды қамтамасыз етеді. Бекітілген бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тиімділігін бағалауды талдайды. Есептер дайындайды, ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша бюджеттік өтінімді жинақтайды және әзірлейді. Бюджеттік өтінімдерді мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіне енгізеді. Тауарларды, жұмыстармен көрсетілетін қызметтерді жеткізуге жасалатын шарттардың есебін жүргізеді және бюджеттік бағдарламалар және экономикалық сыныптама ерекшеліктері бойынша жоспарланған шығындар лимиттеріндегі шығыстармен сәйкестігін тексереді. Бастама жасаушы қызметтің ұсынған құжаттарының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражаттың негізді түрде бөлінуіне жауапты. Нақтылау немесе түзету кезінде ІІМ-нің бюджеттік бағдарламаларын және тиісті ІІМ бұйрығының жобасын әзірлейді, оларды мүдделі мемлекеттік органдармен пысықтайды. Басқарма бастығы орынбасарының, Департамент басшылығының бір реттік тапсырмаларын орындайды. Қаржылық құжаттардың, хат алмасу бойынша құжаттардың сақталуын, оларды уақтылы архивке тапсыруды қамтамасыз етеді. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтайды. Бас сарапшы атқарып отырған лауазымынан босатылған кезде (қызметтен босатылған, басқа лауазымға тағайындалған, ауысқан) заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалған қызметкерге, ал ол болмаған кезде мемлекеттік мекеменің басшысының бұйрығымен тағайындалған қызметкерге істерді тапсырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 02.05.2024
- Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы 1
-
8 (7172) 72-25-89, 72-26-35, 72-20-72