"ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасы

Қоғамды жылдам ақпараттандыру жағдайында әлемде телекоммуникация мен байланыстың жаңа құралдарын қолдана отырып жасалған қылмыстардың жаңа түрлері қалыптасты.

Қылмыстық мақсаттарды іске асыру үшін ақпараттық технологиялардың барлық әлеуеті, оның ішінде әлеуметтік желілер, мессенджерлер, электрондық төлем жүйелері, криптовалюта, нейрожелі арқылы дауысты және бейнені ауыстыру мүмкіндіктері пайдаланылады.

Бүгінгі таңда ақпараттық кеңістік пен технологиялар Ddos (ағылш. Distributed Denial of Service – серверге жүктеме түсіретін және жүйенің істен шығуына әкелетін таратылған шабуыл түрі) шабуылдарын жасау, зиянды бағдарламалар жасау, жеке деректерді және басқа ақпаратты ұрлау, порнография, есірткі, қару-жарақ, экстремистік идеялар тарату және т.б. үшін объектіге де, құралға да айналды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда киберқылмыстың ең көп тараған түрі электрондық ұрлау және интернет-алаяқтық болып табылады.

Соңғы 7 жыл ішінде олардың саны 10 еседен астам өсті (2046-дан 21637 дейін).

Сонымен қатар, күн сайын заңсыз мазмұны бар шетелдік интернет-ресурстарды бұғаттау бойынша шаралар қабылдануда.

Тек  ағымдағы жылы осындай 14,4 мың интернет-ресурс анықталды, оның ішінде алаяқтық белгілері бар 4,6 мың интернет-ресурстар.

Аталған проблеманы шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі дербес департамент құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Департамент пен оның бөлімшелеріне киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және оның пайда болу көздерін жою жөніндегі функцияларды тиісінше жүзеге асыру үшін қосымша өкілеттіктер мен штат саны берілетін болады.

Осыған байланысты, ІІМ құрылымында жүргізіліп жатқан ұйымдық-штаттық өзгерістерге байланысты ведомство Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нормативтік құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізуде.

Барлық мүдделі тұлғаларды жария талқылауға қатысуға шақырамыз.

Қызмет бағыты