Қарағандыда бейнекамера көлік ұрлығын ашуға көмектесті

Полиция қызметкерінің формасындағы «POLISIA» жазуы бар белгісі.

     Қарағандыда автокөліктен құрал-саймандар ұрлау дерегі ашылды. Күдіктінің жеке басын анықтауға бейнебақылау камерасындағы жазба көмектесті. 

     36 жастағы қала тұрғыны таңертең аулада тұрған көлігінен бағалы заттарының ұрланғанын байқаған. Белгісіз адам көліктің құлпын бұзып, ішінен дәнекерлеу аппаратын және кәсіби құрал-саймандар жиынтығын алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 180 мың теңгені құрады. 

     Жақын маңдағы бейнебақылау камерасы ұрлық сәтін тіркеген. Жазбаларды зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген Қарағанды қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. 

     Оның жәбірленушінің 35 жастағы көршісі екені белгілі болды. 

     Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған заттар тәркіленді.

Қызмет бағыты