Бейнебақылау жүйелерін кеңейту

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласына заманауи технологиялар енгізілуде, бейнебақылау жүйелері кеңейтілуде.

Барлық облыс орталықтарында және 5 шағын қалада (Жаңаөзен, Рудный, Щучинск, Семей және Хромтау) полицияның кешенді күштерін басқаруды, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы құқық тәртібінің жай-күйіне мониторингті, сондай-ақ жасалған құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюды қамтамасыз ететін жедел басқару орталықтары жұмыс істейді.

Олардың көмегімен 9 айда 6 599 қылмыс ашылып, 760 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Қазіргі уақытта жедел басқару орталығының (бұдан әрі - ЖБО) 7,5 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Соның ішінде, аулаларда ЖБО-мен біріктірілген 1932 бейнебақылау камералары орнатылды.

Жарияланған күні

10 қараша 2021

Жаңарту күні

10 қараша 2021

Қызмет бағыты