Полиция жарты миллионнан астам ұсақ құқық бұзушылықты анықтады
Жарияланған күні: 10 қараша 2021
Жаңарту күні: 10 қараша 2021
Көру саны:202
Күн сайын құқық тәртібін қорғауға 13,5 мың полиция қызметкері мен ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылады.
Полицияның кешенді күштерімен «ізін суытпай» 17,9 мың қылмыс ашылды.
Жалпы ішкі істер органдары 6,2 млн. әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Мемлекет басшысының ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" туралы нұсқауларына сәйкес, олардың жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда.
Осындай 502,4 мың құқық бұзушылық анықталды: ұсақ бұзақылық – 11,1 мың; тыныштықты бұзу – 60,2 мың; алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу – 152,7 мың; жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу – 13,7 мың; қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу – 151,7 мың.