Білім берудегі инновациялар

Реформа күш құрылымдарының жоғары біліміне де әсер етті. Жүргізілген бағалаудан кейін тек алты үздік оқу орнын қалдыру туралы шешім қабылданды, оның ішінде: 3 академия (Алматы, Қарағанды және Қостанай), Ақтөбе заң институты, Шымкент және Павлодар қалаларының оқу орталықтары.

        Оқу орындарының мамандануы анықталды. Қарағанды академиясында тергеушілер мен криминалистерді, Алматы академиясында – жедел және техникалық қызметкерлерді, Қостанайда – ҚАЖК қызметкерлерін, Ақтөбе институтында – әкімшілік полицияны, Шымкент қаласында – ҚССО, Павлодар қаласында – әкімшілік полицияны даярлау жүзеге асырылады.

Рейтингтік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 33 меморандум жасалды.

Жаңа арнайы курстар мен пәндер енгізілді (арнайы полиция тактикасы; ІІО қызметкерлерін психологиялық даярлау; ІІО жұмысындағы Инфокоммуникациялық технологиялар; коммуникативтік дағдылар және басқалар).

Жарияланған күні

10 қараша 2021

Жаңарту күні

10 қараша 2021

Қызмет бағыты