Ұйымдық-штаттық құрылымдағы реформалар

2019 жылдың басынан бастап Елбасының тапсырмасы бойынша министрлік Ішкі істер органдарын жаңғыртуға кірісті. Реформалардың негізгі құралы Үкімет бекіткен 9 негізгі бағыттан тұратын ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы болды. Солардың бірі «Ұйымдық-штаттық құрылымды оңтайландыру».

Осыған байланысты 106 артық басқару буыны және 1 483 басшылық лауазым жойылды. Реформалау кезеңінде ІІМ саны 11% - ға қысқартылды. Нәтижесінде, полиция қызметкерлерінің саны бойынша 100 мың тұрғынға шаққандағы деңгей 471-ден 372-ге дейін төмендеді.

Жол-патрульдік полициясы патрульдік полиция болып қайта құрылды.

Саптық бөліністердің сержанттық лауазымдарын офицерлік лауазымдарға кезең-кезеңмен ауыстыру аяқталды. 7 775 бірлік аударылды.

Жарияланған күні

10 қараша 2021

Жаңарту күні

10 қараша 2021

Қызмет бағыты