Нұр-Сұлтан қ. №18 учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторы Абитаев М.С. алғыс
Жарияланған күні: 01 наурыз 2021
Жаңарту күні: 01 наурыз 2021
Көру саны:73
Құрметті Ерлан Заманбекұлы!
Сізге Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сауран көшесі 18 ғимаратта орналасқан №18 учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторы Абитаев Мейрхан Сагумовичтің өз қызметіне адал, сауатты, білімді және мәселені тез арада жылдам шешіп бергеніне ризашылығымды білдіргім келеді. Халықпен ашық және жариялы түрде жұмыс жасап жатқаны, құқықтық тұрғыда түсіндіре білуі, сенімді полицияның нағыз келбетін көрсетуі қуанарлық жайт. Өзіңіз басқарып отырған, күштік құрылымның сапалы сервиске көшкенін аңғаруға болады.
Жоғарыда аталған полиция қызметкеріне алғыс жарияласаңыздар екен. Зор денсаулық, ұзақ өмір, жұмыстарыңызға табыс тілеймін!
Қала тұрғыны: Айнұр Махметова
Жарияланған күні
01 наурыз 2021
Жаңарту күні
01 наурыз 2021
Қызмет бағыты