Азаматтық қорғау

Азаматтық қорғау саласына мыналар жатады: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғанысын ұйымдастыру.

Функциялары:

  • азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
  • азаматтық қорғау саласындағы жоспарлауды қамтамасыз ету;
  • өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілердің және стандарттардың жобаларын әзірлеу, бекіту және келісу;
  • азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын әзірлеу;
  • азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын есепке қою және есептен шығару қағидаларын әзірлеу;
  • азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны бойынша ұсыныстар дайындау;
  • республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені әзірлеу;
  • төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын әзірлеу;
  • азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өткен тыңдаушыларға берілетін бірыңғай үлгідегі сертификаттың нысанын әзірлеу;
  • азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын әзірлеу;
  • азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу;
  • төтенше жағдайлар аймағындағы халықтың ең төменгі тіршілігін қамтамасыз ету нормаларын әзірлеу;
  • азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау бағдарламаларын әзірлеу.
  •  
Жарияланған күні

05 қыркүйек 2019

Жаңарту күні

05 қыркүйек 2019

Жарияланымның авторы