Арнайы күштер және жедел басқару

Арнайы күштер және жедел басқару

Арнайы күштер және жедел басқару ішкі істер органдарының қызметкерлерінің жүйелі арнайы-тактикалық, дене шынықтыру және атыс даярлығын ұйымдастыру, оларды қызметтік-жауынгерлік міндеттерді табысты орындауды, оның ішінде дағдарыстық жағдайларда арнайы операцияларды өткізу жағдайларында қамтамасыз ететін заңды және тиімді әрекеттерге үйрету.

Мақсаты:

  • жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы арыздарды немесе хабарламаларды қабылдауды, тіркеуді және қарауды жүзеге асыру, қабылданған шешім туралы өтініш берушіні заңнамада белгіленген тәртіпте хабардар ету;
  • жағдай мониторингі, елдегі жедел жағдай туралы жедел басқару орталығына (бұдан әрі – ЖБО) келіп түсетін ақпаратты жинау, өңдеу,
    ІІМ басшылығына және жоғары тұрған инстанцияларға уақтылы баяндама жасау;
  • құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру
  • ІІМ бөліністері мен басқа да мемлекеттік органдардың арасында қоғамдық құқықтық тәртіпті қорғау, қылмыстарды уақтылы ашу және оларды жасады деп күдіктелген адамдарды ұстау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
  • ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) күштері мен құралдарының дағдарыстық жағдай туындаған кезде, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай режимдерін, төтенше немесе соғыс жағдайын енгізген кезде міндеттерді орындауға әзірлігін жетілдіру;
  • дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ құқықтық режимдер енгізілген кезде ІІО қызметін ұйымдастыру жөніндегі құқықтық актілерді, арнайы жедел жоспарларды және өзге де құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
  • арнайы жедел жоспарларды қолданысқа енгізу жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;
  • дағдарыстық жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі шұғыл ден қою және басқару жүйесінің органы болып табылатын тұрақты жұмыс істейтін Республикалық жедел штабтың (бұдан әрі – РЖШ) қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
  • ІІО-ның арнайы мақсаттағы бөліністерінің қызметін үйлестіру,
    сондай-ақ оларды оқытуды және қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • елдің қорғаныс жоспарын іске асыруға жұмылдыру жоспарлары
    мен өзге де құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
  • жедел басқаруды дамытудың жалпы саясаты мен стратегиясын әзірлеу;
  • жедел-қызметтік іс-шараларын инспециялауға, оның ішінде
    ІІО аумақтық бөлімшелерін кенеттен тексеруге қатысу.