Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тылдық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты, 1– бірлік, (№ 30-28-9-01)
Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
Қарағанды облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Тұрғын жайлардың жағдайы туралы деректер жинайды және ақпараттарды қорытады, түзеу мекемелерінің коммуналдық-тұрмыстық қамтамасыз етілу қызметтеріне әдістемелік басшылық жасайды. Мемлекеттік сатып алуларды іске асыру жөніндегі бөлімнің ағымдағы және перспективалық жоспарларына енгізу үшін ұсыныстар әзірлейді. Басқа инстанциялар мен ведомстволарға жіберілетін, қорытылған анықтамаларды, ақпараттар мен ұсыныстарды әзірлейді. Мемлекеттік сатып алулар өткізуге арналған жоспарлар мен ұсыныстарды қарайды. Облыстық мекемелердің тауарлар мен қызметтер жеткізу және жеткізуді іске асыру үшін жасалған шарттарына бақылау жасайды. Ай сайын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қазақстандық мазмұны туралы ақпараттарды, есептік тоқсан ішіндегі 1-МС есебін, келесі есептік жартыжылдықтағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар туралы есепті ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің мемлекеттік сатып алулар веб-порталына ұсынады және бақылау жасайды, ҚАЖД мен облыстық мекемелердің жеке құрамын нысанды киімдермен қамтамасыз ету шараларын әзірлеуді ұйымдастырады және бақылайды. Департамент үшін мемлекеттік сатып алулар жөніндегі уәкілетті өкілдің рұқсатына сәйкес «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңына сәйкес қажетті құжаттарды ресімдейді, Департаменттің электронды мемлекеттік сатып алулар жұмыстарын жүргізеді. Департаменттің ғимараттары мен материалдық құндылықтарының сақталуына және тыныс-тіршілігіне жауап береді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 100012, Қарағанды қаласы, Поспелов к-сі 17, 1-каб.
-
8 (7212) 300160, факс 300160