Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі

2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналғанCыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі

2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:

1) Жоспарды іске асыру үшін бойынша шараларды қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпаратты жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісім бойынша) келесі есептік жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей, жоспардың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі бойынша іс-шаралардың орындалуын бағалау және жүргізілген мониторинг туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсынсын.

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жыл қорынтындысы бойынша Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты есептік жылдан кейінгі 15 наурыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жарияланған күні

29 қаңтар 2022 13:11

Жаңарту күні

29 қаңтар 2022