Қылмыстық-атқару жүйесі

Қылмыстық-атқару жүйесi жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау саласында басшылықты жүзеге асырады.
Функциялары:
- соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне орналастыруды ұйымдастырады;
- мемлекетке жүктелген халықаралық шарттарға сәйкес нысандардың қауіпсіздігі мен күзетін қамтамасыз етеді;
- сотталғандарды босатылуға дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды, рақымшылық және кешiрiм жасау актілерін орындауды, сотталғандардың түзелу қорытындыларын бекіту бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының басқа құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасасуды, олардың тұрмыстық және жұмыспен қамтамасыз етеді;
- жазаны орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
- сотталғандардың жалпы және кәсіптік білім алуын ұйымдастырады;
- сотталғандардың еңбекпен қамтылуын ұйымдастырады;
- қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
- жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;
- қылмыстардың анықталуын, жолын кесуді, алдын-алуды және ашылуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
- сотталғандарға қатысты сот үкімдерін, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының, қылмыстық-атқару жүйесі органдарында және мекемелерінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді қарайды, оларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
- Комитеттің жұмыс бағыты бойынша ақпараттық және ақпараттық-талдау жүйесін құрады, пайдаланады және жетілдіреді;
- мемлекеттік құпияларды қорғауды, ішкі істер органдарындағы құпиялылық режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
- төменгі бөліністердің үлгі ережелерін және қызметкерлері мен жұмыскерлерінің үлгі лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Төменгі бөліністердегі тиісті ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленуін және бекітілуін, сондай-ақ оларды қызметкерлер мен жұмыскерлердің зерделеуін бақылауды жүзеге асырады;
- мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде тартылған еңбекті нормалау жөніндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасасады, басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің ғылыми-негізделген жүктеме нормативтерін әзірлеу үшін талап етілетін материалдар мен мәліметтерді дайындауды және оларды ұсынуды қамтамасыз етеді, әзірленген жүктеме нормативтерінің сапасына, сондай-ақ олардың негізділігіне және практикада қолдану мүмкіндігіне жауап береді;
- ғылыми-негізделген нормативтерге сәйкес басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің нақты жүктемесіне талдау жүргізеді, оның негізінде олардың нормативтік штаттық санын анықтайды және оны қайта бөлу бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықБаспасөз релиздері
Барлық баспасөз релиздеріПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 10 қараша 2021АқпаратЖазалардың орындалуын ізгілендіру
- 10 қараша 2021АқпаратСотталғандарды ұстау жағдайларын және құқықтық жағдайын жақсарту
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0120 сәуір 2020ІІМ кәсіпкерлерге өз өндірісін колонияларда дамытуды ұсынады
Оқиғалар күнтізбесі
Барлық оқиғаҰйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруСотталғандардың кездесу құқығын іске асыру, сондай-ақ covid-19-ға уақытша шектеу шаралары кезеңінде оң әлеуметтік байланыстарды қолдау мақсатында, оның ішінде балаларға арналған ПТР тестілерін міндетті түрде ұсына отырып, үш жасқа дейінгі балалармен бір ересек адамға ғана ұзақ кездесулер беруге рұқсат етіледі.
Балалардың қысқа мерзімді кездесулерге қатысуына да тыйым салынбайды. Сонымен қатар, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжаттарды ұсыну міндетті емес.
Бұдан басқа, жақын туыстармен және жеке істе көрсетілген өзге де адамдармен әлеуметтік байланыстарды қолдау үшін сотталғандарға олардың өтінімі бойынша бейнебайланыс арқылы 15 минуттық сөйлесулер беріледі. Сондай-ақ, қалауы бойынша жазасын өтеп жатқан адам ұзақтығы 2 сағаттан аспайтын қысқа мерзімді кездесуді бейнеқоңыраумен ауыстыруға құқылы.
Жазаның кейбір түрлерін өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, қысқаша ЖӨШТМББ – мәжбүрлеп түзетуді қажет етпейтіндерге мемлекет тарапынан осындай көтермелеу тәсілдерінің бірі.
Сотталған адам:
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн;
2) ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;
3) аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн;
3-1) егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған жағдайда, жазаның қалған өтелмеген мерзімінің кемінде үштен екісін;
4) егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген негіздер бойынша жойылған болса, жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін;
5) сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылуы мүмкін.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылмайды:
1) өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған;
2) адамдардың қаза табуына алып келген не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталған;
3) ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер жасаған жағдайларды; ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған сотталғандарды қоспағанда, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін сотталған;
4) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, осындай қылмыс үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.
ЖНЖТ (Жазаның неғұрлым жеңіл түрі) – бұл бас бостандығынан айыруды бас бостандығын шектеу немесе айыппұл түрінде жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру. Сотталған адам нақты өтегеннен кейін оның өтінішхаты бойынша қолданылады:
- онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін жаза мерзімінің 1/4 кем емес;
- ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімінің 1/3 кем емес; шартты түрде мерзімінен бұрын босату дан айырмашылығы, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілге ауыстырған кезде ауыр қылмыс жасаған адам қаралмайды.
* Сотталған адамның өтінішхатына оның жеке басын, мінез-құлқын, жазасын өтеу кезіндегі еңбек пен оқуға көзқарасын сипаттайтын деректер қоса беріледі. ЖНЖТ төмендегі санаттағы сотталғандарға қолданылмайды:⠀
- аса ауыр қылмыстар үшін;⠀
- кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысы үшін;⠀
- адамдардың өліміне әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін;⠀
- қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс үшін.
Пробациялық бақылауды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады және сот шешімі бойынша сотталғандардың міндеттерін орындауына жауап береді:
- сотталғанның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерін өзгертпеу;⠀
- белгілі бір орындарға бармауға;
- емдеу курсынан өту;⠀
- отбасына материалдық қолдау көрсету;
- сотталғанды түзетуге ықпал ететін басқа да міндеттер.
ЖНЖТ қолдану соттың ерекше құзыретіне жатады.
Сотталғанды бір мекемеден дәл сондай басқа мекемеге ауыстыру әлеуметтік пайдалы байланыстарды сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
Сотталғанмен туыстық қатынасты растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынау қажет, сондай-ақ сотталғанды ауыстыру жоспарланып отырған облыста тұрақты тіркеуі (6 айдан кем емес) мен нақты тұрғылықты жері болуы тиіс.
Өтініш қанағаттандырылды және сотталғанды ауыстыру туралы тиісті нұсқау мекемелерге жіберілді.
Алайда, қазіргі уақытта мекемеде бос орынның болмауына байланысты сотталғанды ауыстырға кезекке қою жүзеге асырылды.
Кезекке енгізілген сотталғандар мекемеде бос орын пайда болған жағдайда кезекпен ауысатын болады.



