Аттестаттаудан өткізу туралы хабарландыру Қостанай облысы бойынша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі №1612 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы үлгі ереженің (бұдан әрі – Ереже)27-тармағына сәйкес, Қостанай қаласы, Темірбаев көшесі, 13 үй мекен жайы бойынша орналасқан «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы» ММ ғимаратында2020 жылдың 05 маусымында сағат 11:00-деаттестаттау комиссиясының отырысын өткізу жоспарланды.

Ереже бойынша аттестаттау комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына үшеуден аспайтын байқаушылар тартылады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері байқаушылар бола алады.

Аттестаттау комиссиясы отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы» ММ кадр бөлімшесіне  8 (7142)-53-63-99 телефон нөмірі арқылы хабарласу қажет.

Жарияланған күні

27 мамыр 2020

Жаңарту күні

29 мамыр 2020