Артқа

Асылбеков Жандос Бауыржанұлы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің бастығы

Жалпы ақпарат, білімі

туған жылы: 14.06.1980 жыл

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы: Қазақ-гуманитарлық заң университеті (құқықтану), І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (құқықтану магистрі).

Мансап

Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласындағы «Уат» ЖШС-да сауда өкілі лауазымынан бастаған;

2006–2007 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің 3-батальоны қызметінің инспекторы лауазымында қызмет атқарған;

Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2007 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Алматы облысы бойынша басқармасының бөлім прокуроры лауазымынан бастаған;

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы және Жетісу облыстары бойынша департаменттерінде аға прокурор, бөлім бастығы лауазымдарында қызмет атқарған;

2024–2026 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы – департамент бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған;

2026 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Абай облысы бойынша департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Жаңарту күні: