Артқа

Ерназаров Манарбек Мақсұтбекұлы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бастығы

Жалпы ақпарат, білімі

Туған жылы: 03.09.1982 жыл

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

«Қазақ гуманитарлық заң университеті» ААҚ, Қазақ гуманитарлық заң университеті (құқықтану, қаржы).

Мансап

Еңбек жолын 2003 жылы Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры болып бастады;

Қызылорда облысы прокуратурасында – Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі, облыстық прокуратура басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, облыс прокурорының көмекшісі, облыстық прокуратура басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды;

Одан кейін С.Есқараев атындағы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы институтының аға ғылыми қызметкері (аға прокурор), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының аға көмекшісі болды;

Сырдария ауданының, сондай-ақ Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының прокуроры лауазымында болды;

Астана қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратының Кеңесшілер тобының аса маңызды тапсырмалар жөніндегі Бас Прокурордың аға көмекшісі лауазымдарын атқарған;                                                                        

2019-2024 жылдар кезеңінде Бас көлік прокурорының орынбасары болды;

2024 жылдан 2026 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Әскери департаментінің бастығы  болып қызмет атқарды;

2026 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Жаңарту күні: