Жиі қойылатын сұрақтар
Сіз өздігіңізден әкімшілік айыппұлдың бар екендігін жасалған бұзушылықтың суретін қарауға мүмкіндігі бар Qamqor.gov.kz сайтында, egov.kz бірлескен қосымшаларда, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында тексере аласыз.
Әкелінген автомобильдерді олардың меншік иелері Армения есебінен шығармағандықтан, Қазақстанда тіркеу кезінде оларға сары фондағы нөмірлер берілетін болады, өйткені олар басқа мемлекетте тұрақты тіркеуде тұрған көлік құралдары.
Бұл ретте, нөмірлер автомобильдің меншік иесінің нақты тұратын жері бойынша өңірдің кодымен(«01» өңірден бастап «17» дейін)берілетін болады.
Арменияда берілген техпаспорт пен мемнөмірлер автомобильді Қазақстанда тіркеген кезде Мамандандырылған ХҚКО-ларда тапсырылатын және автомобильдің меншік иесі талап еткенге дейін мұрағаттарда сақталатын болады.
Оларды қайтару автомобильді Қазақстанның тіркеу есебінен шығарған жағдайда, меншік иелерінің сұрау салуы бойынша жүзеге асырылатын болады.
Қабылданған қаулы шеңберінде (2020 жылғы 20 мамырдағы № 306), автомобильді тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды, оған 695 теңге (0,25 АЕК)– тіркеу үшін алым, 3 773 теңге (1,25 АЕК)– техпаспорт үшін баж, 7 778 теңге (2,8 АЕК)– мемнөмір үшін баж кіреді. Басқа төлемдер көзделмеген.
Жоқ. Егер автомобиль Арменияда Қазақстанның нақты азаматына тіркелген болса, онда біздің елімізде де ол автомобильдің меншік иесі болып табылатын сол адамға тіркелетін болады.
Осындай автомобильдерді сенімхаттың немесе сақтандыру полисінің негізінде басқаратын адамдарға оларды тіркеу жүзеге асырылмайды, өйткені заңды тұрғыдан олар автомобильдердің меншік иелері болып табылмайды.
Сонымен қатар, сақтандыру шарты негізінде, басқа адамдар аталған автомобильдермен басқаруға құқылы.
«Оң жақ рульді» автомашиналарды тіркеу көзделмейді, өйткені 2009 жылдан бастап оған тыйым салынған. Тыйым салу «Жол жүрісі туралы» Заңда және «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентінде белгіленген.
«Оң жақ рульді» автомобильдер бастапқыда сол жақты қозғалысы бар елдерде - Жапония, Ұлыбритания және т.б. пайдалану үшін конструктивті түрде жасалған.
Аталған автомобильдерді оң жақты қозғалысы бар жолдарда айдау кезінде, жүргізушілердің көру бұрышы шектеулі болғандықтан басып озу, солға бұрылу және т.б. маневрлер қауіпсіз жасауды қиындатады.
Басқару органдары оң жақтан сол жаққа орналастырылып қайта жабдықталған автомобильдерменшік иесі көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік ұсынғаннан кейін ғана тіркеуге жатады.
Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті Сауда және интеграция министрлігі аккредиттеген сынақ зертханалары береді.
Тіркелген автомобильдерді пайдалану мерзімі шектелмеген. Автомобильдің меншік иесі оны пайдалану мерзімдері туралы шешімді өзі қабылдауға құқылы.
Егер азамат өз автомашинасын қайта сатқысы келсе, ол:
- «қазақстандық» мемнөмірлер мен техпаспорттарды тапсырумен автомобильді Қазақстанның есебінен шығаруға;
- мамандырылған ХҚКО-да «армяндық» нөмірлері мен техпаспортты қайтып алуға тиіс;
- Армения есебінен шығару, ол үшін кәзіргі таңда «өзінің баруы қажеттігі» көзделген;
- Қазақстаннің заңнамасында көзделген(кедендік баж, бастапқы тіркеу және кәдеге жарату алымы)төлемдерін төлеу.
Осыдан кейін, ол автомобильді басқа тұлғаға қайта сата алады.
Басқару органдары сол жақта орналасқан, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарына тіркелген және олар Қазақстанға 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автомобильдер тіркеуге жатады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 20 мамырдағы № 306 қаулысы)