Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы, C-O-1 (1 бірлік), Р-1
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Павлодар облысы
611 721
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, E-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Қаржы
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Функционалды міндеттер
Департаменттің жұмысын ұйымдастыру, Министрліктің даму жоспары мен операциялық жоспарын іске асыру, жоғары тұрған басшылықтың өкімдерін уақтылы орындауды қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, еңбек мәселелері жөніндегі министрліктің автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің деректерімен уақтылы және сапалы толтыруды қамтамасыз ету, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде еңбек заңнамасы мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуды қамтамасыз ету және оларға жол бермеу
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.kadrykomitet@enbek.gov.kz
- 19.11.2024
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, қажет болған жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануымен өткізіледі (ZOOM бағдарламасы)
-
74-33-55