Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 202-бабының 1-тармағына сәйкес, өндірістік қызметпен айналысатын және құрамында елу (50) және одан көп қызметкері бар ұйымдарда жұмыс беруші қауіпсіздік және еңбек қорғау қызметін құрады; бұл қызмет тікелей ұйым басшысына немесе оның уәкілетті тұлғасына бағынады.
Өндірістік қызметтер бойынша салалар аралық типтік штаттық нормативтің №349 (02.09.2020 ж.) талаптары бойынша, қызметкерлер саны 100-ден жоғары кәсіпорындар үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметінің нормативтік штаттық саны 1,5 штаттық бірлікке сәйкес келеді.
Осыған орай, штаттық саны 100-ден асатын кәсіпорында қауіпсіздік және еңбек қорғау қызметі құрылады және оның нормативтік штаттық саны 1,5 штаттық бірлік болып табылады.
Қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқаулық және білімді тексеру тәртібі мен мерзімдері туралы ереженің 4-тармағына сәйкес, қызметкерді басқа жұмыс орнына немесе басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстырғанда немесе лауазымы, мамандығы, кәсібі мен біліктілігі аясында басқа механизмде/агрегатта жұмыс тапсыру кезінде қайта оқыту және қауіпсіздік пен еңбек қорғау бойынша білімді тексеру талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 185-бабының 2-тармағына сәйкес, қауіптілігі жоғары жұмыстарда, сондай-ақ машиналар мен механизмдермен жұмыс істейтін қызметкерлер смена алдындағы медициналық тексерістен өтуі тиіс. Сменад алдындағы медициналық тексеруді талап ететін мамандықтар тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар анықтайды.
Осыған орай, смена алдындағы медициналық тексеруден қауіптілігі жоғары жұмыстарда еңбек ететін қызметкерлер өтеді және оларды тексеру тізбесін денсаулық сақтау уәкілетті органдары белгілейді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 122-бабының 3-тармағына сәйкес, қызметкерге зиян келтіріп, оның кәсіби еңбекке қабілеттілігінің жоғалу дәрежесі 5-тен 29 пайызға дейін (қоса есептегенде) болған жағдайда жұмыс беруші қызметкерге жоғалған табысын және денсаулығының зақымдануынан туындаған шығындарды өтеуге міндетті.
Осыған байланысты, қызметкердің бұрынғы лауазымында жұмысын жалғастыруына қарамастан, жұмыс беруші кәсіби еңбекке қабілеттіліктің жоғалуы үшін төлемдер жасауы міндетті.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 133-бабының 4-1 тармағына сәйкес, қызметкерге еңбек жарақаты немесе кәсіби ауруға байланысты берілетін уақытша еңбекке жарамсыздық үшін әлеуметтік төлемнің мөлшері орташа айлық жалақының жүз пайызын құрайды.
Осыған орай, ҚР еңбек заңнамасына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары орташа айлық жалақының 100% мөлшерінде өтеледі.