«Үздік өлкетану сабағы – 2023» облыстық байқауының қалалық кезеңін өткізу туралы

«Үздік өлкетану сабағы – 2023» облыстық байқауының ережесі негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2023 жылғы 21 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ базасында облыстық байқаудың қалалық кезеңі өткізілсін.
  2. Байқаудың қазылар алқасының құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Мектеп директорлары қазылар алқасы мүшелерінің қатысуын қамтамасыз етсін.
  4. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ директоры (К.Ф.Кикбаев) облыстық «Үздік өлкетану сабағы -2023» байқауының қалалық кезеңін өткізу үшін жағдай жасасын.
  5. Осы бұйрықтың орындалуына жауапкершілік әдіскер Н.Т. Капчиковаға жүктелсін.
  6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды білім бөлімі басшысының орынбасары Д. О. Шариповаға жүктеймін.