Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Өскемен қаласында 101 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

Оның ішінде 77 балабақша: 37 мемлекеттік, 42 жеке меншік: және 22 шағын орталық.

Тәрбие мен оқытудың мемлекеттік тілі бар мектепке дейінгі ұйымдар - 25, орыс тілінде - 34, аралас тілде - 42.

Мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылған балалардың барлығы 14632 бала, оның ішінде 45,4% - ы мектепке дейінгі жеке ұйымдарға барады.

44 мектепалды даярлық мектебінде 3034 бала тәрбиеленіп, білім алуда.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту – 85,6%, оның ішінде 3-6 жастағы балалар-100.

Педагогтар саны - 1604 адам.

Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне кезек 6152 құрайды.

Қадамдық жоспарға сәйкес кезектілікті төмендету мақсатында 2021 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 1417 орындық 8 мектепке дейінгі балалар ұйымы ашылды.

2018 жылдан бастап облыста балаларды мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою және жолдама берудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық