Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының кадрлық қызметті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
- Бөлімнің қызметіне басшылық жасау, тапсырмалар мен бұйрықтардың орындалуын қамтамасыз ету, қызметкерлер арасында міндеттерді бөлу, еңбек тәртібін қамтамасыз ету, кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің жұмысын ұйымдастыру.
- Мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіру.
- Кадр қызметі бойынша қабылданған бұйрықтарды заң талаптарының сақталуын қадағалау.
- Бөлімге тиісті құжаттардың өз уақытында орындалуын үйлестіріп, бақылау.
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру.
- Қатыстылығына қарай Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және облыстың даму бағдарламасының индикаторларының орындалуын өз саласы бойынша үйлестіру.
- Бөлімге келген кіріс-шығыс құжаттарға, қызметтік хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың арыз, өтініш, сұранымдарының орындалуын бақылап, орындалуын қамтамасыз ету.
- Мемлекеттік наградалар, жоғары тұрған органдардың ведомствалық төсбелгілеріне, құрмет, алғыс хаттарына ұсыну құжаттарын рәсімдеу және басқарманың құрмет, алғыс хаттарымен марапаттау жұмыстарын үйлестіру.
- Жалпы орта білім беру ұйымдарының басшысы қызметіне кандидаттарға конкурсқа қатысуға келісім беруді ұйлестіру.
- Педагог қызметкерлердің аттестаттау құжаттарын қарап, аттестаттау комиссиясының жұмыстарын үйлестіру.
- E.kyzmet электронды порталға қызметкерлердің келуі және шығуы туралы ақпараттарды уақытылы ендіруін қадағалау.
- Белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу, өзге де ұйымдармен бірлесе іс-қимыл жасау, олардан өзінің функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу.
- Басшылық тарапынан берілген тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындау.
- Заңда көрсетілген негізгі міндеттерін қатаң сақтауға міндетті.
- Аудандық, қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары педагогтарының аттестациясын өткізуді ұйымдастыру, облыстық педагог кадрлардың құрамына талдау жасау, біліктілік курстарының өткізуді ұйымдастыруды қадағалау.
- Басқармаға бағынысты білім ұйымдары басшыларының және орынбасарларының аттестациялық комиссия отырыстарын ұйымдастырып, өткізу және кезекті еңбек демалысына жіберу туралы құжаттарын рәсімдеуді бақылау.
- Аудандық, қалалық білім бөлімі әдіскерлерінің аттестациясын өткізу, сапалық құрамына талдау жасауды қадағалау.
- Басқармаға қарасты білім беру ұйымдарының педагогтардың аттестаттау және педагогтардың сапалық құрамына талдау жасауды қадағалау.
- Педагогтардың біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыруды бақылау.
- Басқармаға бағынысты білім ұйымдарының және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларын тағайындау, бағынысты білім ұйымдарының кадр тағайындауға конкурстарды ұйымдастыру, біліктілік талаптарының сақталуын бақылау, құжаттарын рәсімдеуді бақылау, қадағалау.
- Аудандық, қалалық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары педагогтарының аттестациясын өткізуді ұйымдастыру, облыстық педагог кадрлардың құрамына талдау жасау, біліктілік курстарының өткізуді ұйымдастырудың жүзеге асырылуын қадағалау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Жарияланған күні: 03.06.2020
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
04.06.2020 – 08.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
- 11.06.2020
- «Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, 160023, Түркістан қалысы, Әкімшілік-іскерлік орталығы.
-
87751291747