Түркістан облысы Арыс қаласы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Құқық (білім саласы)
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Мұнай газ ісі
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Көлік құрылысы
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Логистика (сала бойынша)
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • маркшейдрлік ісі

Функционалды міндеттер

Мына салалардағы мәселелерге қарайды және осы салаларда қабылданатын қала әкімдігі қаулыларының, қала әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуына жеке дара жауап береді:

1) салық және бюджет саясаты;

2) мемлекеттік тұрғын үй саясаты;

3) коммуналдық меншікті басқару және оған билік ету;

4) әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын дайындау және іске асыру;

5) бас жоспарға сәйкес инфрақұрылым нысандарын дамыту және бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын құрылыстар салуды ұйымдастыру;

6) мемлекеттік сатып алу, ақша айналымы, есеп айырысу тәртібі, жалақыны қалыптастырудың ағымдағы және индикативтік жоспарлары мен болжамдарын әзірлеу;

7) тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелендіру;

8) дәрменсіз кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру;

9) қаланы дамыту бағдарламаларын, қаржы–несие қатынастарын қаржыландыру;

10) коммуналдық шаруашылық;

11) байланыс және телекоммуникация;

12) жылу және энергетика;

13) қаланы, елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету;

14) қала мен елдімекендердегі автомобиль жолдарын жөндеу, құрылысы мен реконструкциясы;

15) қоғамдық көліктер мен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;

16) құзыры шегінде барлық мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды үйлестіру және іске асыру;

17) жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша ұйымдастыру;

18) Республикалық және облыстық рейтингтік бағалау көрсеткіштері бойынша жетекшілік ететін бөлімдер мен мекемелермен нақты жұмыстар атқару;

19) Қала бюджетін сапалы жоспарлау және орындау мәселелері бойынша талдау жұмысын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Фунционалдық блогы – «А».

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.12.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.12.2021 – 10.12.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.12.2021

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81

файлдардың шекті мөлшері 15 Мб. аспауы қажет