Түркістан облысы әкімі аппараты құжат айналымын қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жетекші маманы

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-5

Орташа лауазымдық айлықақы

210087

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары, орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Өнер (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Мәдени-тынығу жұмысы
  • Кітапхана ісі

Функционалды міндеттер

1) кеңсе жұмысын ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарға, мемлекеттік органдар мен мекемелерге жолданатын барлық  шығыс хаттарды уақытылы  тіркеп, жіберу;

2) шығыс хат-хабарларды өңдеу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің                   2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген қағида талаптарына сәйкес дұрыс ресімделген құжаттарды жолдауды қамтамасыз етеді;

3) ЭҚАБЖ–не қосылмаған мекемелерге қағаз жүзінде «Арнайы байланыс», «Фельдегерлік байланыс», «Казпочта" АҚ мекемесі арқылы  жіберу;

4) «Арнайы байланыс», «Фельдегерлік байланыс», «Казпочта" АҚ мекемесі арқылы келетін хаттарды қабылдап, тіркеу, есепке алу және орындалуын бақылау,  орындаушыларға табыстау;

5) шығыс хат-хабарларды өңдеу кезінде құжаттардың дұрыс ресімделуінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;

6) құжаттарды ресімдеудің белгіленген тәртібін бұзу фактілері жайында бөлім басшысына хабарлау, жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінен ұсыныстар енгізу, анықтамалар, ақпараттар мен басқа да материалдар дайындау;

7) Құжаттама жасау  талаптарын бұза отырып дайындаған құжаттар бойынша орындаушыларға қабылданбаған және кері қайтарылған және бақылаудағы құжаттар бойынша хабарлау және ҚАҚББ есебіне алып, оларды талдайды және нәтижелері туралы ай сайын, тоқсан сайын және жыл қорытындысымен бөлім басшысына және  аппарат басшылығына қызметтік жазбамен ұсыну;

8) Облыс көлемінде құжат айналымын қысқарту (өткен жылмен салыстырғанда төмендету) бойынша тиісті жұмыстарды атқарып, ай сайын мониторинг жүргізу және ол бойынша ұсыныстар  енгізу;

9) аяқталған істерді есепке алу, сақтау және оларды мұрағатқа дайындау мен өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

10) өз құзыреті шегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  жүргізуге;

11) Қызметтік әдепті сақтауға;

12) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шараларды  жүзеге асыруға;

13) ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау;

14) бөлім қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;

15) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқауларын орындау.  

16) облыс әкімінің, облыс әкімі аппарат басшысының, облыс әкімінің орынбасарларының тапсырмаларын орындау;

17) жетекшілік ететін басшының, бөлім басшысының тапсырмаларын және өзіне жүктелген міндеттерді, сонымен қатар бөлімнің қызметіне жататын функционалдық міндеттерді орындау кіреді.

 

"Б" Блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.10.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.10.2021 – 15.10.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.10.2021

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81

файлдардың шекті мөлшері 15 Мб. аспауы қажет