Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі
Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Информатика
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- Халықаралық қатынастар
- Мәдениеттану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қоғамдық байланыс
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Туризм
- Бағалау
- Кітапхана ісі
- Өрт қауіпсіздігі
- Қаржы
- Жобаны басқару
- Мемлекеттік аудит
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Физика және информатика
- География - Тарих
- Спорт менеджменті
- Тарих-Дінтану
- Бухгалтерлік есеп және аудит
- Мемлекеттік басқару
Функционалды міндеттер
1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
2) Аппарат, аудан және қала әкімдері аппараттары мен атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал ету;
3) Түркістан облысы әкімі, әкімнің орынбасарлары және аппарат басшының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу;
5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау;
6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру;
7) құрылымдық бөлімшелер басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы басшылыққа хабарлау;
8) мемлекеттік қызметшілер тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексі талаптарын сақтамаған жағдайларда, бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізу;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгіну;
12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастыру;
13) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу;
14) қызметтік әдепті сақтау;
15) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау;
16) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шараларды жүзеге асыру;
17) облыс әкімінің, Аппараты басшысының (хаттамалық) тапсырмаларын орындау және өзіне жүктелген өзге де міндеттерді іске асыру;
18) Аппаратта қабылданған ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауға жатады.
Әдеп жөніндегі уәкілінің міндеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функциялары кіреді.
"В" блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs.kadr@ontustik.gov.kz
- 19.05.2025
- «Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат
-
8 (72533) 5-91-81