Түркістан облысының құрылыс басқармасы жобалау-техникалық бөлімінің жетекші маманы

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

210087

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-5 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Сәулет
  • Геодезия және картография
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
  • Инженерлік жүйелер және желілер

Функционалды міндеттер

Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асырудың іс-шаралар жоспарының бөлімге қатысты бөлігін жүзеге асыру; жобалық-сметалық құжаттардың әзірленуіне мониторинг жүргізу, нормативті - әдістемелік базаларды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;  «Мемлекеттік сараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалы және өзге де сараптама ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізу, бөлімнің  есептерін әзірлеу және ұсыну, жобалау-сметалық құжаттамаларға сараптаманың оң қорытындысын алуды қамтамасыз ету; облыстың әлеуметтік экономикалық дамуының жоспарына сәйкес объектілерді жобалау мәселелері бойынша салааралық  басқармалармен жұмыс жүргізу; жобалық-сметалық  құжаттама әзірлеу барысында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп, жобаға «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша экологиялық қорытынды алуды қамтамасыз ету; нормативтерге сәйкес құрылыс жобаларына қажетті бастапқы деректерді жинақтау және инженерлік іздестіруді жүргізудегі техникалық тапсырманың толықтығы мен  дұрыстығына қадағалау  жүргізу;  бөлімнің құзыреті шегінде жоба жұмыстарының өндірістік  кестесіне сәйкес жұмыс жүргізу; бастапқы мәліметтер (СЖТ, техникалық шарттар мен лауазымды органдардың шешімдері) бойынша жобалау-тапсырмаларын дайындау, әлеуметтік нысандардың  ЖСҚ-ның  жалпы түсіндірме жазбасы бойынша жұмыстарды жүргізу; жобалық-сметалық құжаттамалардың дайындығы жөніндегі актіні растап қол қою және атқарылған  жұмыстардың көлеміне, құнына және жобалауға  арналған тапсырманың қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамалары мен ҚНжЕ сәйкестігіне жеке жауапкершілікте болу;  әзірленген жобалау-сметалық құжаттамаларында отандық материалдарды, жабдықтарды, тауарларды қолдану шарттарының болуына бақылауды жүзеге асыру;  салынатын нысандардың жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу кезінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, заманауи құрылыс материалдарын ендіру бойынша ұсыныстар беру.

 "Б" Блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.10.2023 – 16.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 МБ

Сұхбаттасу күні

20.10.2023

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81