Түркістан облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-О-2 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;

  • басқарма басшысының бұйрықтарын, облысы әкімі аппаратының басшыларының, облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарының жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындайды;
  • басқарманың ветеринариялық шараларды ұйымдастыру, эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру бөлімі, энзоотияға қарсы іс-шараларды атқару, қаңғыбас ит, мысықтарды аулап жоюды ұйымдастыру және мониторинг бөлімдерінің жұмыстарына жетекшілік етеді және жұмысын бақылайды;
  • жетекшілік ететін бөлімдердің жұмыс жоспарларын бекіту, онда көрсетілген іс – шаралардың орындалуын бақылайды және жауапты болады;
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
  • өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыру;
  • лауазымдық міндеттерді сапалы және уақтылы орындау;
  • ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  • басқарманың ЭСЕДО-ға күнделікті келіп түскен хаттар мен хаттамалардың уақтылы бөлім басшыларына жолдау және орындалуын қадағалайды және жауапты болады;
  • облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізуді бақылайды және жауапты болады;
  • облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдайды және жауапты болады;
  • облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдайды және жауапты болады;
  • жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ұйымдастыруды қадағалау;
  • жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуді бақылайды және жауапты болады;
  • облыс көлемінде ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыруды қадағалайды және жауапты болады;
  • қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруды бақылайды және жауапты болады;

уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекітуді қадағалайды және жауапты болады;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіруді бақылау;

уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды қадағалайды және жауапты болады;

уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті  ауруларының, сондай – ақ жануарлардың энзоотиялық және басқада ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс – шаралардың орындалуын бақылау;

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс – шаралар жүргізуді ұйымдастыруды қадағалайды және жауапты болады;

жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;

облыстың аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру;

ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыруды қадағалайды және жауапты болады;

профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекітуді бақылайды және жауапты болады;

бөлімдерге қатысты барлық бағдарламалардың орындалуын қадағалайды және мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

жоғары тұрған  органдар, облыс әкімі мен орынбасарлары, басқарма басшысы тапсырмаларының және хаттамаларының (оның ішінде ҚР Президенті әкімшілігінен, ҚР Үкіметі кеңсесінен), кіріс және шығыс құжаттардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің сапалы және мерзімінде орындалуына бақылауда ұстау;

ветеринария саласы бойынша атқарылған жұмыстардың барысын анықтау және облыс әкімі орынбасарымен бекітілген бірлескен іс-шаралар аясында атқарылған жұмыстарға мониторинг жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топтардың құрамын әзірлеп, бекітуге ұсынады және жауапты болады;

мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді және жауапты болады;

мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;

басқарманың қызметтілік қажеттіліктеріне байланысты іс-сапарларға шығу;

мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтау;

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң әдеп кодексі талаптарын бұлжытпай орындау;

қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыру;

басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу, өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жағдайлары туралы басқарма басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлау;

сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу.

облыста жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де ветеринария саласында өкілеттіктерді жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.

"А" блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 31.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.09.2023 – 11.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 МБ

Сұхбаттасу күні

15.09.2023

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81