Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулеттік жобаларды дайындау мен мемлекеттік қызметтерді көрсету бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Түркістан облысының әкімдігі

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282697

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Сәулет
  • Дизайн
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Құрылыс

Функционалды міндеттер

  1. Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің қызметтеріне әдістемелік көмек көрсету, атқарылған жұмыстарының есебін жинау, құрылыс салу тәртібінің сақталуын жүзеге асыру, азаматтардың арыз-шағымдарын қарап, мерзімінде жауап беру.
  2. Сәулеттік нысандар (ескерткіштер, монументтер) бойынша эскиздерін әзірлеу, аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру, көріктендіру, фасадтарды бейнелеу, кіші сәулеттік нысандарды сызу жұмыстары.
  3. Облыс аудан, қала, елді мекендерінің келбетін жақсарту бойынша абаттандыру, көгалдандыру, саябақтарды жандандыру жұмыстарын үйлестіру.
  4. Жоғарғы органдардан, облыс әкімі және оның орынбасарларының, басқарма басшысының берген тапсырмаларының бөлімге қатысты тармақтарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.
  5. Басқарма басшысы және бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды.
  6. Нысандардың интерьерлерін, 3D бағдарламасында бейнелеуді толық жасай білу.
  7. Облыстық, қалалық сәулет және қала құрылысы саласына қатысты құжаттардың және құпия құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
  8. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік қызметті көрсету;
  9. «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсету;
  10. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу.
  11. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-інен кешіктірмей уәкілетті органға үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттар туралы ақпарат беру;

12.Заңсыз құрылыстар базасын әзірлеу және енгізу жұмыстарын, салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілермен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жүргізу;

  1. Сәулет және қала құрылысы нормалары мен талаптарын бұзған құрылыс нысандары туралы, су қорғау аймақтары мен белдеулері мен жер учаскелерінің табыстау және пайдалану туралы, ірі сауда орындары және базарларды кәзіргі заман талаптарына сәйкестендіру туралы, «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жоспалау) жобаларына бастапқы материалдарды беру туралы» мемлекеттік стандарттардың мониторингін жүргізу, жаңа почталық кодтары QR кодтардың тақтайшаларын орналастыру туралы есептілік, «Мекенжай тіркелімі» ақпарат жүйесін жүргізу, жылжымайтын мүліктерді сәйкестендіру, мекенжай тіркелімі кодтары беру туралы тоқсан сайынғы есептілікті есепті тоқсанның келесі айдың 5 жұлдызына дейін мерзімінде әзірлеу;
  2. Облыс әкімінің және басқарма басшысының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарап, орындау;
  3. Басқарманың қызметінде қолданыстағы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнамалардың іс-жүзінде қолданылуына талдау жүргізу, құқықтық оқытуды ұйымдастыру, белгіленген тәртіпте сотта және басқа да мекемелерде басқарма қызметінің заңдылығын қарау барысында мемлекеттік орган мүддесіне өкілдік ету;
  4. Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілген жауаптардың заңдылығын қарау;
  5. Лауазымды тұлғалар мен басқарма қызметкерлерінің қызметтеріне қатысты қолданыстағы заң актілері мен оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы нормативтік құжаттарына талдау жасау, жұмыс барысында қолдану, қажеттілігіне қарай өзгертуге ұсыныстар дайындау;
  6. Сәулет саласындағы қолданыстағы заңнамаларға, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс жүргізу үшін аудан мен қалалық сәулет бөлімдеріне методикалық көмек көрсету;
  7. Лауазымға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті арнайы білімдер: мемлекеттік тілді білу және компьютерде істей білу лазым.

"А" блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 24.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.08.2023 – 05.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 15 МБ

Сұхбаттасу күні

11.09.2023

Сұхбаттасу орны

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72533) 5-91-81