Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық тасымалды дамыту бөлімінің басшысы
Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Логистика (сала бойынша)
Функционалды міндеттер
- Бөлім қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және басқару;
- Бөлім қызметкерлерінің басқарма регламентінің, еңбек және орындаушылық тәртібінің сақталуын, Басқарма басшылығының тапсырмаларын уақтылы орындалуын бақылау;
- Бөлімге қатысты мәселелер бойынша Басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларының және жоғарғы органдар іс-қағаздарының орындалуын бақылау;
- Басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес Бөлімге қатысты іс – шаралардың орындалуын бақылау;
- Облыстағы жолаушылар тасымалдау қызметінің ағымдағы және болжамды жоспарларын дайындауға, тұрақты жолаушылар бағыттарын ашу және өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар дайындауды ұйымдастыру;
- Облыстағы жолаушылар автокөлігінің жұмысы туралы ақпараттардың уақтылы және сапалы дайындалуын қамтамасыз ету;
- Автомобиль көлігі саласының нормативтік-құқықтық базасын нығайтуға ұсыныстар дайындау;
- Жолаушылар көлігі кәсіпорындарының келісім шарт талаптарын орындауын және автовокзалдардың, автобекеттердің, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жүйелілік бойынша мәліметтерді уақтылы беруін қадағалау;
- Басқарма басшылығының тапсырмаларын, мемлекеттік органдардың хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарап, орындалуын ұйымдастыру;
- Облыстағы әуе көлігі саласын үйлестіру, Түркістан қаласындағы халықаралық әуежай мәселелерімен айналысу;
- Бөлімге жүктелген өзге де міндеттердің орындалуын ұйымдастыру.
- ДК, Word, Excel, SkyDocs, «Е-өтініш», «Е-қызмет» жұмыс істеу және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді меңгеру.
"А" блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zh.beisenbaev@iturkistan.kz
- 13.07.2023
- «Түркістан облысы әкімінің аппараты» ММ, индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат
-
8 (72533) 5-91-81