Түркістан тұрғындары мен қонақтарына арналған AR Turkistan туристік мобильді қосымшасы

Сипаттама

Енді Түркістан тұрғындары мен қонақтарына AR Turkistan туристік мобильді қосымшасы арқылы  толықтырылған шыңайылық технологиясының көмегімен ежелгі қала тарихына басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді!

AR Turkistan қосымшасы арқылы қаланың басты тарихи және заманауи нысандарының 3D-модельдерімен танысуға және олар туралы пайдалы ақпаратты білуге болады.

Түркістан аумағында 15 арнайы AR-белгілер орналасқан. Смартфонның немесе планшеттің камерасын белгіге жақындатқан кезде қаланың тарихи оқиғаларын, ортағасырлық тұрмысын 3D-жаңартылуын көруге немесе төрт тілдің бірінде: қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде виртуалды гидтің көмегімен көрікті жерлер туралы қызықты деректерді білуге болады. Толықтырылған шынайылық технологиясы арқылы шынайы өмірде жаңғырту мүмкін емес нысандарды көруге мүмкіндік береді: Қожа Ахмед Ясауидің жер асты мешітінде намаз оқығанын, зікр рәсімін немесе ежелгі Күлтөбе қалашығында қыштан ыдыс жасау көріністерін көре аласыздар.

AR Turkistan қосымшасымен қалай пайдалануға болады?

  1. Тегін AR Turkistan мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.
  2. Құрылғыда қосымшаны іске қосыңыз. Тілді таңдаңыз.
  3. Құрылғыны AR белгісіне жақындатыңыз да танымдық анимацияны көріңіз!

AR Turkistan мобильді қосымшасының арқасында экскурсияларды кез-келген ыңғайлы уақытта және бірнеше рет көруге болады!

AR Turkistan сізге қаланың мыңжылдық тарихына енуге және оның жаңа келбетімен танысуға мүмкіндік береді!

AR Turkistan қосымшасы арқылы Түркістанның көрікті жерлерімен 3D-гидпен бірге танысыңыз!

Faza projekta
100%

Бейнематериалдар