Балаға төлқұжатты қалай алуға болады

1

Төлқұжат алу

Балаға төлқұжат алу үшін сіз «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөліміне өтініш білдіре аласыз және келесі құжаттарды ұсынуыңыз:

  1. баланың туу туралы куәләгә немесе жеке куәлігі;
  2. ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат;
  3. баланың жасына сай 2 фотосурет (3,5х4,5 см) - қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» МК көрсетіледі;
  4. баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын алуға шетелдіктің ата-анасының нотариалды куәландырылған келісім-өтініші (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда және ата-аналарының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, бала туылған сәтте олардың бірі ҚР азаматы және ата-аналарының сол уақытта Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрғылықты тұратын жері болған жағдайда);
  5. 4 АЕК көлемінде төлқұжатты әзірлегені үшін мемлекеттік баж төлемі туралы түбіртек (төлемді екінші дәрежелі банктің есеп айырысу-кассалық бөлімінде немесе «Қазпошта» АҚ жүргізуге болады).

Қызмет көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні. Жеке куәлікті жеделдетіп беру рәсімінің құнын «Азаматтарға арналған үкімет» МК бөлімінен немесе 1414 телефон нөмірі бойынша білуге болады.

Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі: төлқұжатты беру.

Төлқұжаттың қолданылу мерзімі: 10 жыл.

Ескерту: егер бала өзгерген және оны төлқұжаттағы фотосуреті бойынша айыру мүмкін болмаған жағдайда, төлқұжат қолданылу мерзіміне қарамастан ауыстырылуы тиіс.

0

 

Жарияланған күні

19 қаңтар 2021

Жаңарту күні

19 қаңтар 2021

Қызмет бағыты