Құжаттарды апостильдеу

Egov.kz порталында құжаттарды апостильдеу

Ол үшін сіз келесілерді жасауыңыз қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алу;
  2. авторландырылу және өтініш беру;
  3. өтінішке апостильденген құжаттың электрондық көшірмесін қоса тіркеу;
  4. оң шешім болған жағдайда кез-келген банк картасымен немесе тұлғалық шоттан 0,5 ЕАК көлемінде қызмет үшін мемлекеттік баж төлеу;
  5. жеке кабинетте  аталған уақыттың ішінде келіп түсетін өз өтінішіңіз туралы хабарламамен танысу.

Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Қызмет көрсету құны: 0,5 АЕК.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: қағаз тасушыда «апостиль» мөрі бар дайын құжаттарды беру.

2

Құжаттарды тіркелген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөлімшесі (ХҚКО) арқылы апостильдеу

Ол үшін сіз келесілерді ұсынуыңыз қажет:

  1. белгілгенген нысандағы өтініш;
  2. жеке басыңызды куәландыратын құжат (жеке басыңызды сәйкестендіру үшін);
  3. апостильденуі тиіс құжат (түпнұсқа);
  4. мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (түпнұсқа);
  5. қызмет көрсетушінің өкілі жүгінген жағдайда, нотариалдық жолмен куәландырылған сенімхат.

Қызмет көрсету мерзімі: 5 жұмыс күні.

Қызмет көрсету құны: 0,5 АЕК.

Қызмет көрсетудің нәтижесі: қағаз тасушыда «апостиль» мөрі бар дайын құжаттарды беру.

Жарияланған күні

19 қаңтар 2021

Жаңарту күні

19 қаңтар 2021

Қызмет бағыты