Апаттық тұрғын үйдің йесіне қалай тұрғын үй алуға болады

1

Қызметті egov.kz порталында қалай алуға болады?

Ол үшін сізге қажет:

  1. ЭЦҚ алу (электрондық цифрлық қолтаңба);
  2. тұрғын үй кезегіне орналастыру және оны ЭЦҚ-ға қол қою туралы сұрауға рұқсат беру;
  3. тізім бойынша сұратуға құжаттардың электронды көшірмесін қоса беріңіз:
  • тұрғылықты жерде кем дегенде үш жыл мерзімде тұратынын растайтын құжат;
  • неке (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылдың 13 тамызына дейін), балалар туылуы (2007 жылдың 13 тамызына дейін) туралы куәлік;
  • егер жалғыз тұрғын үй төтенше жағдай деп танылса, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашлық бөлімінің куәлігі;
  • отбасы мүшелерінің әрқайсысына өтініш бергенге дейінгі соңғы он екі ай ішінде табыс туралы куәлік (халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі қызмет алушы қарым-қатынас кезінде);
  • отбасы тұратын үйде белгіленген санитарлық және техникалық талаптарға сай келмеген жағдайларда тиісті уәкілетті органдардың анықтамалары.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: кезектіліктің кезекті нөмірін көрсете отырып, тіркеу туралы хабарлама алу немесе бас тартуға негізделген жауап.

2

Тіркеу орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) аймақтық бөлімшесінде қалай қызмет алуға болады?

Құжаттар тізімі:

  1. коммуналдық тұрғын үйлердің фондынан үйге мұқтаж болған азаматтардың есепке қойылғаны жайындағы мәлімдеме;
  2. жеке тұлғаны куәландыратын құжат;
  3. тұрғылықты жерде кемінде үш жыл тұрушылықты дәлелдейтін құжат;
  4. неке қию куәлік/неке бұзылу (2008 жылдың 1 маусымына дейін), отбасы мүшелерінің қаза тапқаны куәлігі (2007 жылдың 13 тамызына дейін), балалардың туылуы куәлігі (2007 жылдың 13 тамызына дейін), тұлғаны сәйкестендіру үшін түпнұсқа беріледі;
  5. аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашлық бөлімінің анықтама, егер жалғыз тұрғын үй апаттық болып мақұлданған болса;
  6. өтініш жасаған кезіне дейінгі 12 айдың әр отбасы мүшесінің табысы туралы анықтамалар (егер қызмет алушы әлеуметтік әлсіз топтарға жататын болса);
  7. отбасы тұрып жатқан тұрғын үй белгіленген санитарлық және техникалық талаптармен сәйкес келмеген жағдайда, немесе жапсарлас, бөлінбеген тұрғын үй-жайларда екі немесе одан көп отбасы тұрып жатқан жағдайда, немесе отбасының құрамында ауыр сұрқатты науқас тұрып жатқан жағдайда, тиісті мекемелерінең анықтамалар қажет.

Қызмет көрсету мерзімі: 30 күнтізбелік күн. Мемлекеттік баж төленбейді.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: кезектегі реттік саны белгіленген есепке орнатылу ескертуін алу немесе бас тартудың себебінің негізделген түсіндірмесі.

 

Жарияланған күні

19 қаңтар 2021

Жаңарту күні

19 қаңтар 2021