Қалай жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы алуға болады
Жарияланған күні: 18 қаңтар 2021
Жаңарту күні: 18 қаңтар 2021
Көру саны:163
1
Egov.kz порталында анықтаманы алу үшін:
- ЭЦҚ-ны (электронды цифрлы қолтаңба) алу қажет;
- ЭЦҚ-мен куәландырылған, құқықтық тізілімнен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (құқық ауыртпалығы) туралы ақпаратты алуға өтініш беру қажет.
Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсынудың қажеті жоқ, өйткені ақпарат «электронды үкімет» шлюзі арқылы сұранады.
Қызмет көрсету мерзімі: 20 минуттан 1 жұмыс күніне дейін.
Қызмет көрсету нәтижесі: жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.
2
«Азаматтарға арналған үкімет» МК аудандық бөлімшесіне тапсырылатын құжаттар пакеті:
- құқықтық тізілімнен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу (құқық ауыртпалығы) туралы ақпаратты алуға өтініш;
- жеке тұлғаны куәландыратын құжат.
Қызмет көрсету мерзімі: 20 минуттан 1 жұмыс күніне дейін.
Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.
Жарияланған күні
18 қаңтар 2021
Жаңарту күні
18 қаңтар 2021
Жарияланымның авторы
Түрі
Қызмет бағыты